Сағынтаев Алматы маңындағы блокпосттар туралы сұраққа жауап берді

Қалада карантиндік шаралар күшейтілді

29 марта 2021 года

Қала басшысы Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды қала әзірге жабылмайтынына сендірді, деп хабарлайды LS.

Әкімнің айтуынша, блокпосттарды қою жоспарланбаған.

"Біз қаланы жаппаймыз. Қабылданған шаралар жағдайды тұрақтандыруға тиіс. Кеше екі аптаға жаңа қосымша шектеулер қабылданды. Біз жағдайды қадағалаймыз. Егер бәрі бақылауда болса және тұрақтандырылса, онда біз жағдайды қайта қарастырамыз. Алайда, егер эпидахуал ушығып жатса, бәрі де мүмкін", - деп ескертті Сағынтаев қала тұрғындарын.

Сондай-ақ, әкім өңірлік бизнес кеңесімен кездесу өтіп, қолдау шаралары талқыланғанын атап өтті. Сондай-ақ халықты жаппай вакцинациялау сәуірдің екінші жартысына жоспарланғанын хабарлады.

Бұған дейін Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин егер қалада коронавирус ауруының 500-ден астам жағдайы тіркелсе, блокпосттар орнатылатынын хабарлаған болатын. Айта кетейік, мегаполисте 27 наурызда коронавирустың  510 жағдайы тіркелген.

Сонымен қатар, 12 сәуірге дейін ұзартылған жаңа қатайту шаралары кәсіпкерлердің наразылығын тудырды, бизнес өкілдері өздерінің шығындары туралы мәлімдеп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан қолдау сұрады.

Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев өз кезегінде кәсіпкерлерді қолдау үшін тәулігіне 2 млрд теңге қажет екенін айтты.

Сонымен қатар, Алматы қоғамдық тамақтану объектілерінің өкілдері Наурыз кезіндегі жабық аптаның салдарынан миллиондаған шығынға ұшырады. Сондай-ақ, Алматы дәмханалар мен мейрамханалардың 20%-ы тоқтағаны хабарланды.

Еске сала кетейік, LS 2021 жылғы 21-28 наурыз аралығында Алматыда карантиндік шаралар күшейтілгенін жазған болатын. Атап айтқанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің, СОО, СҮ және басқалардың жұмысы шектелді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.