Әртiстер мен вайнерлерге қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін қылмыстық жаза енгізілмек

27 апреля 2022 года
    

Қазақстанда қаржы пирамидаларын жарнамалайтын вайнерлер мен әртістер үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі, деп хабарлайды LS.

Мәжіліс кулуарында палата спикері Ерлан Қошанов журналистердің қаржы пирамидалары туралы сұрақтарына жауап берді.

"Депутаттар тиісті заң жобасын әзірледі. Бүгінгі таңда арнайы топ жұмыс істейді. Менің ойымша, жақын арада біз бұл құжатты қабылдаймыз. Қаржы пирамидаларын жарнамалайтын әртістер мен вайнерлердің әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейміз, өйткені бұл алаяқтық схема", - деді ол.

Қошанов сондай-ақ, алаяқтардың қызметінен зардап шеккен Нұр-Сұлтандағы өзін-өзі өртеп жіберген әйелдің қайғылы оқиғасы туралы білетінін айтты.

"Қаржы пирамидалар бүгінде барлық өңірлерде үлкен проблема болып отыр. Себебі адамдар танымал вайнерлер, әртістер, қоғамдық пікір көшбасшылары жарнамалап жатқан дүниелерге сенеді. Адамдар соңғы ақшаларын салып, соңынан қиын жағдайға тап болып жатқанын көреміз", - деп түйіндеді ол.

Бұған дейін, ІІМ-де танымал блогерлер жарнамалаған қаржы пирамидалары туралы айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы 31 мыңнан астам азамат қаржы пирамидасының құрбаны болды, келтірілген шығын сомасы 54 млрд теңгеден асты.

 

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Черный рынок: в Казахстане растет наказание за незаконное использование воды
22 сентября 2023 года
В Алматы везут грузовики из Таиланда и косметику из Египта. Инфографика
22 сентября 2023 года
В Алматы проведут тренинги по финансовой грамотности для студентов
23 сентября 2023 года
В Казахстан стали больше завозить пшеницы и риса из России
23 сентября 2023 года
Елімізде суды заңсыз пайдаланатындарға жаза күшейтілмек
22 сентября 2023 года
Пострадавшие от дождей аграрии Костанайской области получат 17 млрд тенге субсидий
22 сентября 2023 года
В Казахстане пресекли контрабанду табачных изделий на миллиарды тенге
22 сентября 2023 года
В Казахстане предлагают ввести страхование ответственности мопедистов и самокатчиков
22 сентября 2023 года
В Казахстане решили продлить запрет на вывоз угля автотранспортом
22 сентября 2023 года
В Казахстане направят миллиарды тенге на борьбу с дефицитом электроэнергии
22 сентября 2023 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.