Отбасы банкі БЖЗҚ-ға миллиардтардың неге қайтарылғанын түсіндірді

сегодня

Отбасы банкі жыл басынан бері БЖЗҚ-ға қайтарылған 7,28 млрд теңге зейнетақы қаражатының қандай себептермен кері аударылғанын түсіндірді, деп хабарлайды LS.

Банк мәліметінше, қайтарылған қаражаттың бір бөлігі биыл алынған болса, қалғаны қазақстандықтардың 2025 жылы сұратқан зейнетақы жинақтарына тиесілі.

"Қаражаттың кері қайтарылуы оның мақсатсыз немесе заңсыз пайдаланылғанын білдірмейді. Бұл – қолданыстағы ережелерге сәйкес жүзеге асырылатын қалыпты рәсім. Қаражат түрлі себептерге байланысты БЖЗҚ-ға қайтарылуы мүмкін. Мәселен, азамат ем қабылдаудан бас тартуы, қажетті құжаттарды ұсынбауы, құжаттарды қате толтыруы немесе бөлінген қаражаттың толық көлемін пайдаланбауы ықтимал", – деп түсіндірді бағдарламаның уәкілетті операторы.

Сонымен қатар, емдеу шаралары жүргізілмеген немесе бөлінген қаражат толық игерілмеген жағдайда, медициналық ұйымдар пайдаланылмаған қаражатты БЖЗҚ-ға қайтарады.

"Отбасы банкі уәкілетті оператор ретінде зейнетақы жинақтарын пайдалану процесін сүйемелдеумен ғана айналысады. Ал қаражаттың заңсыз пайдаланылуы мүмкін деген фактілерді тексеру уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыретіне жатады", – деп атап өтті қаржы ұйымында.

Жыл басынан бері 627 қазақстандық емделуге 631,4 млн теңге көлемінде зейнетақы жинағын пайдаланған. Осы кезеңде 9,8 мың азамат емделуге арналған шамамен 7,3 млрд теңгені БЖЗҚ-ға қайтарған.

БЖЗҚ-ның LS редакциясының сауалына берген жауабына сәйкес, жыл басынан бері қайтарылған біржолғы зейнетақы төлемдерінің ең көп үлесі радиохирургиялық емге тиесілі. Аталған бағыт бойынша 3,6 млрд теңге қайтарылған, бұл жалпы қайтарылған қаражаттың 50,15%-ын құрайды.

Қайтарылған қаражат көлемі бойынша екінші орында офтальмологиялық қызметтер – 2,03 млрд теңге (27,95%). Үшінші орында реконструктивтік және қалпына келтіру операциялары (пластикалық операциялар) – 1,2 млрд теңге (17,16%).

Стоматологиялық қызметтер бойынша қайтарылған қаражат көлемі 195 млн теңгені немесе жалпы соманың 2,7%-ын құрады.

Қордың мәліметінше, қаражаттың мақсатсыз пайдаланылғаны анықталған жағдайда, біржолғы зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-ға қайтарылады.

2025 жылы 267,8 мың қазақстандық емделуге 392,7 млрд теңге зейнетақы жинағын пайдаланған. Ал өткен жылы БЖЗҚ-ға қайтарылған біржолғы зейнетақы төлемдерінің жалпы көлемі 65,2 млрд теңгені құрады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.