Ozon мен Wildberries Қазақстанда жаңа қоймалар салып жатыр

сегодня

Қазақстанда Ozon мен Wildberries маркетплейстерінің жаңа қоймалары салынып жатыр. Сауда және интеграция министрлігі LS-ке нысандардың құрылысы туралы мәлімет берді.

Министрліктің мәліметінше, Wildberries нысандарын 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қоймалардың барлығы "А" санатына сәйкес келеді. Нысандардың жалпы ауданы 263 мың шаршы метрді құрайды. Бұған дейін олардың Астана мен Алматы қалаларында орналасатыны хабарланған.

Жобаларды іске асыруға бюджет қаражаты жұмсалмайды. Қаржыландыруды компания тікелей инвестициялары арқылы қамтамасыз етеді.

Қазақстанда Ozon қоймасының құрылысы 2024 жылы басталған. Нысанның аумағы 20 мың шаршы метр. Компания бұған дейін фулфилмент-орталығының алғашқы блогын іске қосқан. Екінші блокты биыл пайдалануға беру жоспарланған болатын.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, аталған жобаларды іске асыру электрондық сауда инфрақұрылымын дамытуға серпін береді. Сондай-ақ, іскерлік белсенділіктің артуына және нарық қатысушылары үшін жаңа мүмкіндіктердің пайда болуына ықпал етеді.

Бұған дейін, Ресейдегі Wildberries пен Ozon қоймаларына бірнеше рет шабуыл жасалған болатын. Қазақстанның Электрондық сауда қауымдастығының шілде айының соңындағы мәліметінше, бұл жағдайдан отандық кәсіпкерлерге келтірілген шығын көлемі 1,5 млрд теңгеден асқан.

Осыған байланысты Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанның Ресейдегі елшілігін аталған мәселеге қатысты жұмысқа тартты. Сонымен қатар ведомство Қазақстанда Wildberries-тің жаңа қоймаларының ашылуына қатысты түсініктеме берді.

Анықтама

"А" санатындағы қоймалар- сақтау талаптарының ең жоғары стандарттарына сай келетін, кез келген жүк түрін орналастыруға арналған заманауи нысандар.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.