Ұлытауда жаңа өндіріс орындары салынып жатыр

сегодня

Ұлытау облысында бес ірі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Бұл туралы LS-ке өңір әкімдігінде хабарлады.

Бірінші жоба – жылу электр орталығында (ЖЭО) 60,5 млрд теңгеге бу-газ қондырғысын салу. Нысанды биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Екінші жоба – 70 млрд теңгеге жаңа күкірт қышқылы цехы. Құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталған.

Үшінші жоба – молибден кенін өндіру және өңдеуге арналған тау-кен байыту комбинатының құрылысы.

Төртінші жоба – "Батыс Қаражал" кен орнын игеру. Жобаны 2028 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Инвестиция көлемі 210 млрд теңгені құрайды. Мұнда темір кені өндірілетін болады.

Бесінші жоба – көмір байыту фабрикасын салу. Жоба аясында көмірді байыту өндірісі іске қосылады.

"Аталған жобаларды жүзеге асырып жатқан барлық компания Ұлытау облысында тіркелген", – деп хабарлады әкімдікте.

Бұған дейін, LS редакциясы Ұлытау облысында жыл соңына дейін құны 151 млрд теңге болатын 10 жоба іске қосылатынын жазған еді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.