Үкімет басшысы ауыл шаруашылығы министрлігіне бидайға қатысты сын айтты

5 августа 2022 года

Премьер-министр Әлихан Смайылов ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмысындағы кемшіліктерді атап өтті, деп хабарлайды LS.

Оның пікірінше, ауыл шаруашылығы министрлігі атқарылып жатқан жұмыстар жайлы толыққанды түсіндірмейді.

"Сондықтан кәсіпкерлер не болып жатқандығы туралы бұрмаланған түсінік қалыптастырады. Бізде бидай шығаруға тыйым салу туралы шешім болған жоқ. Тек квота түрінде шектеулер енгізілді, бірақ оны әдетте экспорттаған көлемнен жоғары қойдық",- деді Смайылов. 

Егер Қазақстан айына шамамен 350 мың тонна астық экспорттайтын болса, онда квота қыркүйек айының соңына дейін айына 500 мың тоннадан жоғары деңгейде белгіленді. Оның айтуынша, бұл шара қолданыстағы экспорттық шарттарды шектемеу үшін  және де азық-түлік астығын бақылаусыз жаппай шығарудан алдын-ала қорғау мақсатында жасалынды. 

Үкімет басшысы ауыл шаруашылығындағы субсидиялар тақырыбын да қозғады. 

"Біз барлық бюджеттік шығыстарды олардың тиімділігін арттыру мақсатында қайта қарап жатырмыз. Оның ішінде ауыл шаруашылығы саласы да бар. Қаражатты ауыл шаруашылығы өндірушілері өнімінің дамуын  ынталандыратын жаққа бағыттауымыз керек. Бұл инвестициялық субсидиялар, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені арзандату. Ауыл шаруашылығын қаржыландыруды қысқартқымыз келмейді, керісінше, оны ұлғайтқымыз келеді, бірақ одан экономика мен жалпы ел үшін пайда әкелетін әрбір бюджеттік теңгенің қайтарымын арттыру қажет", - деп түйіндеді премьер. 

Бұған дейін, Астық одағының басшысы Нұрлан Оспанов Қазақстан Еуропаға үлкен көлемде астықты неліктен жеткізе алмайтынын айтқан болатын. Сондай-ақ, Қазақстанды шетелде тұрақты серіктес ретінде қабылдамайтындығы туралы да сөз етті.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.