Қазақстан Ауғанстан арқылы үш теміржол бағытын қарастырып жатыр

сегодня

Қазақстан Ауғанстан арқылы өтетін теміржолдың үш бағытын қарастырып жатыр. Бұл туралы LS-ке көлік министрлігінде хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, қазір Ауғанстанмен көлік-логистикалық байланысты дамыту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде жаңа теміржол желілерін салу және тиісті инфрақұрылымды дамыту мәселелері пысықталуда.

Бүгінде Ауғанстан аумағы арқылы өтетін үш ықтимал теміржол бағыты қарастырылып жатыр. Олар – Түрікменстан, Өзбекстан және Тәжікстан арқылы өтетін маршруттар.

Министрліктің мәліметінше, аталған бағыттар бойынша мүдделі тараптармен келіссөздер жүргізіліп, жобаларды іске асыру мүмкіндігі қарастырылуда.

Жобалардың негізгі параметрлері, соның ішінде іске асыру мерзімі, инвестиция көлемі, қаржыландыру көздері мен тараптардың қатысу шарттары әзірге келісіліп, пысықталып жатыр.

Сонымен қатар Қазақстан, Өзбекстан және БАӘ-нің Пәкістан порттарына шығатын жаңа көлік бағытын дамыту жоспарлап отырғаны белгілі болды.

Елдер Қазақстан – Өзбекстан – Ауғанстан – Пәкістан бағыты бойынша жаңа теміржол маршрутын іске асыру жобасын бірлесіп пысықтайды. Келісімге қатысушылар техникалық-экономикалық зерттеулер жүргізіп, қажетті теміржол инфрақұрылымын дамыту мүмкіндігін бағалайды.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстанның теңізге тікелей шығатын жолы болмағандықтан, қиындықтарға тап болып отырғанын айтқан еді. Осыған байланысты ол Трансауған теміржолын салуға кемінде $500 млн инвестиция салу жоспарланып отырғанын мәлімдеген.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда айналымында қандай тауарлар негізгі орын алатыны туралы инфографика жариялаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.