Қазақстанда ипотекалық несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) төмендету ұсынылуда, деп хабарлайды LS.
Тиісті түзетулер "Ашық НҚА" сайтында АРРФР тарапынан жарияланды.
Реттеуші тұрғын үй несиелері бойынша ЖТСМ мөлшерін 25%-дан 20%-ға дейін төмендету көзделіп отыр.
Аталған түзету тұрғын үй заемдарының қолжетімділігін арттыру мақсатында енгізілуде.
Еске сала кетейік, өткен жылдың тамыз айында ҚР-ның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк банктік кредиттер мен микронесиелер бойынша ЖТСМ-нің шекті мөлшерлерін бекіткен болатын.
Ал 17 наурыздан бастап "Наурыз жұмыскер" жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасы іске қосылады.
Бұған дейін, LS редакциясы биылғы жылы ипотекалық нарықта қандай өзгерістер күтілетіні туралы жазған болатын.