Бензин сапасына бақылау күшейтіледі

сегодня

Қазақстандағы жанармай құю бекеттерінде мұнай өнімдерінің сапасын алдын ала ескертусіз тексеру жүйесін енгізу ұсынылды деп хабарлайды LS.

Депутат Асхат Рахимжановтың мәліметінше, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде АИ-95 және АИ-98 маркалы бензин сапасына қатысты тұрғындардың шағымдары көбейген.

"Жанармай құйғаннан кейін көліктер тұрақсыз жұмыс істей бастайды: форсункалар, оталдыру шамдары, катализаторлар және басқа да қымбат бөлшектер істен шығады. Кей жағдайда көлік иелері жөндеу жұмыстарына 200-600 мың теңге аралығында қаржы жұмсауға мәжбүр. Бұл көптеген отбасының бюджетіне айтарлықтай салмақ түсіреді. Оның үстіне, мұндай жағдайлар жосықсыз сауданың жекелеген фактілерімен ғана шектелмейді. Осыған байланысты мұнай өнімдерінің сапасына мемлекеттік бақылауды күшейтуді ұсынамын. Атап айтқанда, жанармай құю бекеттері мен мұнай базаларынан алдын ала ескертусіз сынама алу тетігін енгізіп, міндетті зертханалық сараптама жүргізу қажет. Сонымен қатар жеткізу тізбегіндегі соңғы сатушыны ғана жазалаумен шектелмей, нақты кінәлі тараптың жеке жауапкершілігін белгілеу керек",- деді ол.

Сонымен қатар депутат жанармайдың әрбір партиясының өндірушіден бастап нақты жанармай құю бекетіне дейінгі қозғалысын цифрлық бақылауға мүмкіндік беретін жүйе енгізуді ұсынды.

Оның пікірінше, жанармай құю бекеттеріне QR-кодтар орналастыру қажет. Сол арқылы тұтынушы жанармайдың шығу тегін біліп, оны сатып алғанға дейін зертханалық бақылау нәтижелерімен таныса алады.

"Сапасы талапқа сай емес жанармайды сатқандар мен оны айналымға шығарғандарға жауапкершілікті күшейту керек деп есептеймін. Мұндай жанармайды міндетті түрде сатылымнан алып тастау қажет. Сонымен бірге тексеру нәтижелері көрсетілетін ашық мемлекеттік тізілім болуы керек. Онда қай өңірде, қай жанармай құю бекетінде қандай заңбұзушылық болғаны және қандай шара қолданылғаны жазылуы тиіс. Бұл адамдарға жанармайды қай жерден алған дұрыс екенін таңдауға көмектеседі. Сапасыз жанармайдан зардап шеккен көлік иелерін де қорғау қажет. Егер жанармайдың сапасыздығынан көлік бұзылғаны анықталса, жөндеу мен диагностика шығындарын өтеу мүмкіндігі қарастырылуы керек. Ал кейін бұл шығын кінәлі тараптан өндіріліп алынуы тиіс",- деп есептейді А. Рахимжанов.

Оның айтуынша, жанармайдың сапасы зауыттан тұтынушыға жеткенше төмендесе, мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртып, сапалы отын өндірісін арттырудың нәтижесі де төмендейді.

"Мемлекет бензиннің сапасына тек зауыттан шыққан кезде ғана емес, ол әрбір көлік иесінің багына құйылғанға дейін кепілдік беруі керек. Техникалық реттеу және метрология комитетінің мәліметінше, 2026 жылы жүргізілген тексерулер кезінде жанармайды басқа отынмен алмастыру деректері анықталған. Мысалы, Алматыда АИ-100 деп сатылған бензиннің құрамындағы күкірт мөлшері нормадан үш еседен көп болған. Ал Қызылорда облысында АИ- 95 орнына АИ-92 бензині сатылған. Бұл- жалғыз жағдай емес. Тексеру нәтижесі сапасыз жанармайдың әлі де көп екенін көрсетті. Ең алаңдатарлығы- сапалы жанармайдың өзі тасымалдау, сақтау және сату кезінде бастапқы сапасын жоғалтуы мүмкін",- деді депутат.

Депутаттың айтуынша, жанармай сапасының нақты қай кезеңде өндірушіде, мұнай базасында, тасымалдау кезінде немесе белгілі бір жанармай құю бекетінде төмендегенін анықтау қиын.

Бұған дейін, Павлодар мұнай-химия зауыты АИ-95 және АИ-98 бензиндерінің арбитраждық сынамалары SGS Kazakhstan зертханасында тексерілгенін және олардың сапасы талаптарға сәйкес келгенін хабарлаған.

Еске салайық, Сауда және интеграция министрлігі бензин сапасын мұнай өңдеу зауытынан бастап жанармай құю бекетіне дейінгі барлық кезеңде тексеріп жатыр. Ведомство азаматтардың өтініштерін қарап, әртүрлі өңірлердегі өндіріс орындары мен 17 жанармай құю бекетіндегі отын сапасын тексерді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Бизнесу становится все тяжелее – предприниматель о налогах, кредитах и падении спроса
сегодня
Казахстан продает консервы и смартфоны в ОАЭ. Инфографика
сегодня
Ликвидности и так нет: финансист предложил синхронизировать работу бирж
сегодня
Kazakhstan Insurance Forum 2026 пройдет в Алматы
сегодня
Не копировать, а адаптировать: Казахстану нужна своя модель агрострахования
сегодня
Казсодержание на бумаге и на заводе: депутат предложил изменить методику
сегодня
Объединение частных пенсионных фондов сдержало развитие финрынка – зампредседателя АРРФР
сегодня
Депутат заявил о росте нелегального кредитования и просит взять проблему под контроль
сегодня
В Казахстане предложили контролировать прямые эфиры в соцсетях и на YouTube
сегодня
Что на самом деле заливают в бак: депутат предлагает ввести цифровой контроль топлива
сегодня
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.