ҰЭМ: Салық кредиті пайызсыз беріледі

Ведомство салық мерзімін ұзарту мүмкіндігі қалай берілетінін айтып берді

14 августа 2017 года

Ұлттық экономика министрлігінің LS-ке түсіндіруінше, салықты кредиттеу жүйесі бойынша салық төлеу мерзімін өзгертуге немесе бөліп я кейін төлеуге болады.   

Енгізілгелі жатқан бұл ереженің аясында салық төлеушілер енді салықтың толық сомасының да, оның белгілі бір бөлшегінің де төлеу мерзімін өзгерте алады. 

"Салық кредиті негізінен кредит болып саналмайды, оған пайыздық мөлшерлеме де қосылмайды. Алайда Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасындағы төлем жасауға қабілетсіздікті реттеу шарасы аясында бөліп я кейін төлеу мүмкіндігі берілетін жағдайда ғана болмаса, салық төлеуші салық төлеу мерзімін өзгерткенімен уақытында төлемегені үшін қойылатын өсімпұлды бәрібір төлеуге міндеттеледі", - деді министрлік.   

Сондай-ақ, ведомтвоның айтуынша, салық төлеу мерзімін тек алты айдан аспайтын уақытқа дейін ұзартуға болады және салық пен төлемдерді бір уақытта төлеу міндеттеледі. Ал салықты бөліп төлеу жүйесі өзгеше: ай сайын немесе тоқсан сайын салықты бірдей шамада төлеп тұрып, үш жылға дейін созуға болады.   

Одан бөлек, Ұлттық экономика министрлігі LS-ке берген жауабындакәсіпкерлер бұл өзгерісті қандай жағдайларда қолдануына болатынын айтып берді:

1) Әлеуметтік, табиғи, техногенді, экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардан немесе басқа да еңсерілмейтін күш салдарынан салық төлеуші жапа шексе;

2) Салық төлеушінің тауар өндірісі мен (немесе) оны өткізуі, істейтін жұмысы мен көрсететін қызметі маусымдық сипатта болса;   

3) Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмаған жеке тұлғаның (ҚР заңнамасына сәйкес тәркіленуі мүмкін емес мүлікті есептемегенде) мүліктік жағдайы салықты бір уақытта төлеуге мүмкіндік бермесе;

4) Соттың төлем жасауға қабілетсіздікті реттеу шарасын енгізу жөніндегі шешім қабылдауы;   

5) Салық төлеушінің негізгі айналысатын жұмысы Қазақстан Ресубликасы заңнамалық актілерінде көрсетілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларына қатысты болуы;

6) Салық төлеушілердің қосымша салық есептемесін беруі;

7) Салық төлеушінің тексеру қорытындысы негізінде көрсетілген салық пен (немесе) төлем сомасымен келісуі (салық төлеу ретінде тіркелген уақыты мен салықты бөліп я кейін төлеу үшін жазған өтініш уақытының арасы бес айдан аз салық төлеушілер бұл мүмкіндікті қолдана алмайды).  

Егер салық төлеушіде жоғарыда көрсетілген жағдайлардың қандай да бірі болса, ол салық органына бөліп я кейін төлеу туралы өтініш бере алады. 

"Алайда салық төлеуші салықты алдын ала төлеп тастаса немесе бөліп я кейін төлеу мүмкіндігін беру талаптарын бұзса, бөліп я кейін төлеу шарты сол сәттен бастап тоқтатылады", - деп қорытындылады ведомство.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.