Бюджеттік бұзушылықтар бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр

Нұр-Сұлтанның қаржылық бұзушылықтары 3,7 млрд теңгеге жетті

3 июля 2021 года

Қазақстандағы Есеп комитеті 2021 жылдың алғашқы үш айында 25 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтарды тiркелгенiн айтты. LS редакциясы бұзушылықтар қатары қай аймақта көп екенiн анықтап көрдi.

2021 жылдың I тоқсанында 526,5 млрд теңгеге бюджет ревизиясының нәтижелері бойынша 25 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталған, бұл 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларына қарағанда екі есе аз.

Жалпы соманың 2,5 млрд теңгесі тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатына және 2,5 тиімсіз жоспарлауға тиесілі. Бұл ретте 40,8 млрд теңге қалпына келтіруге жатады. Қазірдің өзінде 25,4 млрд теңге қалпына келтірілді.

Ең көп шығын Түркістан облысына келді, бұл аймақ 9,9 млрд теңгеге бұзушылыққа жол берді. Бұл жалпы соманың 39,6% құрайды.

Екінші орында – Жамбыл облысы 5,6 млрд теңге. Одан әрі Батыс Қазақстан облысы (4,1 млрд теңге) және Нұр-Сұлтан (3,7 млрд теңге).

Қалған өңірлерде аталмыш бұзушылықтар 1 млрд теңгеден аспайды. Алматыда – 20,4 млн теңге, Ақмола облысында – 1,4 млн теңге. Ең үлгілі көрсеткіштер бойынша Шығыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласы болды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.