Қазақстанда тұтынушылар құқығын бұзғаны үшін қаржы ұйымдарына айыппұл салына бастады. Бұл туралы LS-ке қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде хабарлады.
Агенттіктің мәліметінше, 2022 жылдың тоғыз айында жеке және заңды тұлғалардың 23 мың өтініші қаралған. Олардың ішінде 16,6 мыңы немесе 71%-ы банк секторына тиесілі.
Банктер бойынша түскен өтініштердің жалпы санынан шамамен 66%-зы немесе 10,9 мың өтініш тұтынушылық қарыздармен байланысты.
"Келіп түскен барлық өтініштер бойынша құжаттамалық тексерулер жүргізілді, оның қорытындысы бойынша жыл басынан бері нарық субъектілеріне жалпы сомасы 103,2 млн теңгеге 162 шара және 137 санкция қолданылды. Өткен жылдың осы кезеңінде 89 қадағалау шарасы қолданылды, жалпы сомасы 23,7 млн теңгеге 52 санкция қолданылды", - деп түсіндірді агенттікте.
Ағымдағы жылы азаматтардың өтініштері негізінде қарыз алушыларға тұтынушылық несиелер алу кезінде сақтандыру шарттарын іліп, сондай-ақ микрокредиттеу кезінде қосымша консультациялық қызметтерді есептеген, сату, артық комиссиялар мен айыппұлдарды заңсыз алу жағдайлары анықталды.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде қазақстандықтардың құқықтарын қорғау үшін атқарылған жұмыстар туралы айтылды:
- Біріншіден, бөлшек несие беру кезінде қарыз алушыға кез-келген сақтандыру ұйымында немесе несие беруші ұсынған үш сақтандыру ұйымының бірінде жауапкершілігін өз бетінше сақтандыру құқығы беріледі.
- Екіншіден, әрбір таңдалған шартпен клиенттің келісімін жазбаша тіркеу міндетті талап болып табылады. Сондай-ақ банктер мен микроқаржы ұйымдарының көрсетілетін қызметтер туралы толық және анық ақпаратты және тұрақсыздық айыбын (айыппұлдар, өсімпұлдар) алу бойынша шектеулерді алып, түзетулер енгізу жөнінде шаралар қабылданды.
Сондай-ақ, агенттікте тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін бұзу тәуекелдерін болдырмау үшін заңнамалық тұрғыдан жұмыстар атқарылады. Ол үшін қазақстандықтардың өтініштерін жүйелі талдау негізінде тұтынушының әлеуметтік портреті қалыптастырылады, жаппай тұтынушының тәуекелдері айқындалады және қажетті заңнамалық бастамалар әзірленеді.
Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстанда брокерлер күрделі құралдарға ақша салғысы келетін бөлшек инвесторларды сынай бастайтынын хабарлаған болатын.