Қазақстанда жаңа жұмыс орындары қай аймақтарда ашылмақ?

Бірқатар өңірлерде 50 мыңнан астам бос жұмыс орны құрылады

5 мая 2021 года
    

2021 жылы Қазақстанда 440,2 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда. Қай өңірлерде қанша бос жұмыс орны ашылатыны туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде LS-ке ақпарат берді.

Ағымдағы жылы құрылатын жұмыс орындарының жалпы санының 100,7 мыңы республикалық маңызы бар қалаларға тиесілі. Бос орындардың көбі Алматы қаласында – 49,2 мың, Нұр-Сұлтанда –27,7 мың, Шымкентте –23,7 мың жұмыс орны болады.

Бос жұмыс орындарының ең көп саны Алматы облысында ашылады – 50 мың, Қарағанды облысында – 33,7 мың, Маңғыстау облысында – 32,7 мың, Түркістан облысында – 30,4 мың.

20 мыңнан астам бос жұмыс орны Шығыс Қазақстан (28,6 мың), Атырау (23,5 мың), Ақтөбе (21,9 мың), Павлодар облыстарында (20,4 мың) пайда болады.

Сондай-ақ, 19,6 мың бос жұмыс орны Жамбыл облысында, 17,9 мыңы  Қызылорда облысында, 17,3 мыңы Ақмола облысында, 16,5 мыңы  Қостанай облысында, 13,6 мыңы Солтүстік Қазақстан облысында, 13,3 мыңы Батыс Қазақстан облысында пайда болады.

Еңбек министрлігінде 449 мың жұмыс орнын, ал 2023 жылы 458 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда. Оның ішінде 2023 жылы Алматыда 51,2 мың жұмыс орны, Нұр-Сұлтанда 28,8 мың жұмыс орны, Шымкентте 24,7 мың жұмыс орны пайда болады деп күтілуде. Ең көбі – Алматы облысында –52 мың жұмыс орны, ең азы 3,8 мың жұмыс орны Батыс Қазақстан облысына тиесілі болмақ.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.