Қазақстанда зейнеталды жастағы адамдар жұмыспен қамтылмақ

Бос жұмыс орындары қауіпсіз жерлерде ұсынылады

14 февраля 2022 года

Қазақстанда зейнетке дейінгі азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша арнайы жобаны іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды LS.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, "Күміс жас" арнайы жобасы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын болады. Жыл сайын 5 мың адам қамтылады деп күтілуде.

Жоба бойынша жұмыс орындары тұрақты жұмыс орындарынан тыс құрылады. Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайы зиян және (немесе) қауіпті жұмыстарда, ұлттық кәсіпке сәйкес біліктілігі төмен қызметкерлердің 9-тобына жататын мамандықтар/кәсіптер бойынша құрыл майды.

"Күміс жас" жобасына қатысу мерзімі 12 айдан аспайды. Қатысу кезеңінде халықты жұмыспен қамту орталығы зейнеткерлік жас алдындағы адам жалақысының бір бөлігін бюджет қаражаты есебінен субсидиялайды.

Жалақыға берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері жалақы мөлшерінің 50%-ын құрайды, бірақ экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып, 30 АЕК-тен (2022 жылы 91 890 теңге) аспайды.

Қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлік жас алдындағы адамды зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырады.

"Қазіргі уақытта жобаны ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актіні әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Онда жұмыс берушілер мен қызметкерлерге қойылатын бірқатар талаптар көзделетін болады. Жобаға бір жылдан астам уақыт жұмыс істейтін және тұрақты салық және басқа да әлеуметтік аударымдар жүргізетін, сондай-ақ, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар қатысатын болады", - деп түсіндірді еңбек министрлігінде.

Бұған дейін, LS "Күміс жасты" іске қосу жоспарлары туралы хабарлаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.