Қазақстанда 450 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ

Сұраныс тапшылығы бірнеше салаларда байқалады

27 января 2022 года

2022 жылы 450 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бұл туралы LS-ке еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде хабарлады.

Министрлiктiң мәліметінше, 2021-2025 жылдары елімізде 10 ұлттық жоба аясында 2,5 млн жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның ішінде 800 мың тұрақты және 1,7 млн уақытша.

2022 жылы 450 мыңнан астам бос жұмыс орны пайда болады деп күтілуде. Оның ішінде "Дені сау ұлт" жобасы бойынша – 45,5 мың, Bilimdi Ult – 103,9 мың, "Кәсіпкерлікті дамыту" жобасы бойынша – 995,3 мың, "Қуатты өңірлер" – 491,1 мың, "Орнықты экономикалық өсу" жобасы бойынша – 127,7 мың, "Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" жобасы бойынша – 100 мың, "АӨК дамыту" жобасы бойынша – 500 мың, "Жасыл Қазақстан" жобасы бойынша – 61 мың, "Ұлттық рухани жаңғыру" жобасы бойынша – 7 мың.

Сонымен қатар, еңбек министрлігінің орта мерзімді болжамына сәйкес, алдағы бес жылда жалдамалы еңбекке жиынтық сұраныс 1 млн адамды құрайды. 2022 жылы – 189,7 мың адам. Оның ішінде жаңа сұраныс – 51,4% немесе 97,6 мың адам, ауыстыру бойынша сұраныс – 48,6% немесе 92,1 мың адам.

"Сұраныс тапшылығы негізінен электрмен және энергиямен жабдықтау, сондай-ақ, мемлекеттік басқару және әлеуметтік қамсыздандыру салаларында күтіледі", - деп түсіндірді ведомствода.

Министрлік "Еңбек" бағдарламасын іске асырудың тоқтатылуына байланысты оның тетіктері кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жалғастырылғанын атап өтті. Бұдан басқа, "Электрондық еңбек биржасы" жұмыс істейді, ол жұмыс іздеу және персоналды іріктеу мүмкіндігімен жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң болып табылады. Сондай-ақ, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын цифрландыру жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде жұмыс жалғасуда, онда азаматтар онлайн-режимде мемлекеттік қызметтерді, сондай-ақ, жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға жолдамалар беруді қамтитын мемлекеттік қолдау шараларын ала алады.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық статистика бюросының деректеріне сілтеме жасаған мәжіліс депутаттарының деректері бойынша 2021 жылы Қазақстандағы жұмыссыздар саны 4,9%-ды, яғни шамамен 451 мың адамды құрады. Олардың ішінде 78 мыңға жуығы жұмыссыз жастар. Алайда, депутаттар елдегі жұмыссыздардың нақты пайызы әлдеқайда жоғары деп санайды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Казахстанцы тянутся к наличным: за три года спрос вырос более чем на 20%. Инфографика
сегодня
В Казахстане активно тестируют страхование пассажиров от задержек авиарейсов
31 октября 2025 года
Темпы инфляции в октябре замедлились до 12,6%
сегодня
Пенсионную систему ждут перемены с нового года
сегодня
Банки демонстрируют рост чистой прибыли при замедлении рентабельности
сегодня
Жилье с сюрпризом: что нужно знать при покупке залоговой недвижимости
сегодня
Тенге укрепился: какую поддержку получит валютный рынок от Нацбанка в ноябре
сегодня
Казахстану нужно продолжать делать ставку на нефть – эксперт
сегодня
Правительство рассчитывает на снижение теневой экономики после изменений в раскрытии банковской тайны
вчера
Работа мечты оказалась ловушкой: казахстанцев предупредили о новых схемах обмана
1 ноября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.