Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сарапшылары теңгенің әлсіреп, доллар бағамының күрт өсуіне сыртқы факторлар әсер еткенін атап өтті, деп хабарлайды LS.
Жұма күнгі сауда-саттықта доллардың теңгеге қатысты бағамы 9,24 теңгеге өсіп, $1-ры 451,50 теңгеге жетті.
Нарықтағы сауда көлемі $448,4 млн-ды құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен $28,8 млн-ға жоғары.
Сарапшылардың айтуынша, теңгенің әлсіреуіне сыртқы нарықтағы жағдай әсер еткен. Мұнай бағасы төмендесе, доллар қымбаттаған.
"Бұл өзгеріс алдыңғы апталарда теңге нығайғаннан кейін долларға деген сұраныстың қайта өскенін көрсетуі мүмкін",- деп атап өтті сарапшылар.
Еске сала кетейік, 29 қыркүйекте доллар бағамы 439,27 теңгеге дейін төмендеген еді.
Жыл басында $1-дың бағасы 511,37 теңге болған.









