Қазақстанда зейнетақы көлемi өсті

Теңге бағамы 24,6%-ға әлсіреді

22 июня 2021 года

Қазақстанда бес жыл ішінде орташа зейнетақы 56,3 мыңнан 100 мың теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды LS.

Еңбек министрлігінде LS-тiң ресми сауалына берген жауабында 1 маусымға орташа зейнетақы 100 018 теңгеге жеткенін хабарлады. Оның ішінде ынтымақты – 68 934 теңге, базалық – 31 084 теңге.

Салыстыру үшін:

- 2016 жылдың 1 маусымына – 56 329 теңге (ынтымақты – 44 364 теңге, базалық – 11 965 теңге); жылдық инфляция – 8,5%, теңге бағамы орта есеппен II тоқсанда – 335,6 $1

- 2017 жылғы 1 маусымға – 59 554 теңге (ынтымақты – 46 752 теңге, базалық – 12 802 теңге); жылдық инфляция – 7,1%, теңге бағамы орта есеппен II тоқсанда – 314,72 $1

- 2018 жылдың 1 маусымына – 70 765 теңге (ынтымақты – 55 491 теңге, базалық – 15 274 теңге); жылдық инфляция – 5,3%, теңге бағамы орта есеппен II тоқсанда – 329,76 $1

- 2019 жылдың 1 маусымына – 85 785 теңге (ынтымақты – 58 784 теңге, базалық – 27 001 теңге); жылдық инфляция – 5,4%, теңге бағамы орта есеппен II тоқсанда – 380,55 $1

- 2020 жылдың 1 маусымына – 99 314 теңге (ынтымақты – 68 362 теңге, базалық – 30 952 теңге); жылдық инфляция – 7,5%, теңге бағамы орта есеппен II тоқсанда – 418,11 $1

Осылайша, ұлттық банктің деректеріне сйкес, теңге бағамы бес жыл ішінде 24,6%-ға әлсіреді.

Сондай-ақ, министрлiкте Қазақстанда 2,2 млн-нан астам зейнеткер бар екенін атап өтті. Олардың ішінде ең көбі Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында –10,4%-дан, ал Алматы қаласының өзiнде – 10,3%. Ең аз үлес Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстарында – тиісінше 2,5%, 2,7% және 3,4%-дан.

"Зейнетақының ең төменгі мөлшері 61 796 теңгені құрайды (ынтымақты – 43 272 теңге, базалық – 18 524 теңге). Ең жоғарғы мөлшері – 134 939 теңге (ынтымақты – 100 637 теңге, базалық – 34 302 теңге)", – деп түйіндеді еңбек министрлігінде.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.