Қазақстанда тұрғын үй бағасының өсу себептері анықталды

Үлескерлер қаржыландырған әрбір екінші пәтер сұр схема бойынша сатылады

15 февраля 2022 года

Қазақстанда бастапқы тұрғын үй бағасының өсу серпіні 12 еседен астам  ұлғаюы құрылыс нарығының монополиялануының негізгі нәтижесі  саналады. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды LS.

Оның айтуынша, соңғы бес жылда бастапқы тұрғын үй бағасының жылдық индексі 1,3%-дан 16,6%-ға дейін өсті.

"Бастапқы тұрғын үй бағасының өсу серпінінің 12 есе өсуі құрылыс нарығының монополиялануының негізгі нәтижесі болып табылады. Бұл ретте, тұрғын үй құрылысы көлемінің жыл сайын 10%-дан астам ұлғаюы орын алады. Алайда, нарықты дамытудың орнына бұл жерде жетекші құрылыс салушылардың үстемдік етуi артады", - деді ол.

Ведомство басшысының айтуынша, агенттік 2021 жылы жүргізген талдау көрсеткендей, 2021 жылы жеке құрылыс ұйымдары салған 7,5 млн шаршы метр тұрғын үйдің 27%-ы өз қаражаты есебінен және 26%-ы заңнамада көзделген рұқсаттарды алғаннан кейін салынған.

"Тұрғын үйдің қалған 47%-ы брондау, резервтеу және т.б. шарттар бойынша салынған, осылайша үлескерлер қаржыландырған әрбір екінші пәтер "сұр" схемалар бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте үлескерлердің қаражатын әкімдіктердің рұқсатынсыз жаппай тарту тексеру парақтарының болмауына байланысты жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті бақылаусыз қалып отыр", - деп атап өтті ол.

Жұманғарин құрылыс кезінде үлескерлердің қаражатын тартуға үш тәсілдің бірі арқылы рұқсат етілетінін еске салды: бірыңғай оператор (қазақстандық тұрғын үй компаниясы) кепілдігінің болуы, екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысу кезінде әкімдіктің рұқсаты және үйдің қаңқасы салынғаннан кейін әкімдіктің рұқсаты.

Оның айтуынша, көптеген өңірлерде тұрғын үйді өткізу нарығының шоғырлануы жоғары. Алматы, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында – шоғырлануы орташа.

"Алматыда I және II санатты тұрғын үйлерді сату нарығының шоғырлануы жоғары, III және IV санатты - орташа шоғырланған, Нұр-Сұлтанда үлестік құрылыс нарығының шоғырлануы жоғары болып табылады, онда BI Group холдингінің бір ғана құрылыс салушысының үлесі 60%-дан асты", - деп қорытындылады ол.

Сонымен қатар, Жұманғарин тұрғын үй жағдайларын жақсартуға зейнетақы төлемдерін пайдалану бағдарламасына монополияланған тұрғын үй құрылысының үлестік нарығы бұған дайын емес екенін көрсетті.

"2,5 трлн теңге зейнетақы қаражатының 68%-ы азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алуға (толық есеп айырысу), ал 4%-дан аз үлестік құрылыс шарты бойынша тұрғын үй сатып алуға бағытталған. Іс жүзінде белгілі құрылыс салушылар компания брендін құрылыстың өзін жүзеге асырмай, объектілерді жарнамалау үшін пайдаланады", - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Тұрғын үйді салу және сату процесін құрылыс салушының уәкілетті компаниялары болып табылмайтын үшінші тұлғалар жүзеге асырады, бұл объектінің құрылысы үшін жауапкершіліктен кетуге, сондай-ақ монополияға қарсы және салықтық бақылауға әкеледі, деп нақтылады ол.

"Соның ішінде құрылыс салушылармен заңды байланысы жоқ ұйымдар өткізген пәтерлерді сатып алушылар құқықтық кепілдіксіз қалады. Бұл тұрғын үй сапасына және нысандарды тапсыру мерзіміне қатысты жаппай шағымдарға себеп болды. Шарттардың негізсіз талаптарын жүктеу тәжірибесі таралды. Бұл – құрылыс салушылармен үлестес басқарушы компаниялармен, байланыс, интернет қызметтері, кабельдік теледидар операторларымен шарт жасасу, паркинг сатып алу бойынша талаптар. Осылайша, монополиялық құрылыс нарығы көршілес нарықтардағы бәсекелестікті шектейді", - деп түйіндеді Жұманғарин.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Казахстанцы тянутся к наличным: за три года спрос вырос более чем на 20%. Инфографика
сегодня
В Казахстане активно тестируют страхование пассажиров от задержек авиарейсов
31 октября 2025 года
Жилье с сюрпризом: что нужно знать при покупке залоговой недвижимости
сегодня
Тенге укрепился: какую поддержку получит валютный рынок от Нацбанка в ноябре
сегодня
Казахстану нужно продолжать делать ставку на нефть – эксперт
сегодня
Правительство рассчитывает на снижение теневой экономики после изменений в раскрытии банковской тайны
вчера
Работа мечты оказалась ловушкой: казахстанцев предупредили о новых схемах обмана
1 ноября 2025 года
В Казахстане построят биофармацевтический хаб
1 ноября 2025 года
Казахстан потратит триллионы тенге на решение проблем с водой
1 ноября 2025 года
В Казахстане подорожали услуги юристов, бухгалтеров и IT-специалистов
1 ноября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.