Қазақстанда пияз бағасы қымбаттауы мүмкін

24 января 2023 года

Қазақстанда пияздың елден заңсыз шығарылуынан көкөніс бағасының өсiмi күтіледі, деп хабарлайды LS.

Үкіметтің аясында сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин осы көкөніске қатысты жағдайға түсініктеме берді.

"Қазақстанға айына 30 мың тонна пияз қажет, үш айға – 90 мың тонна. Бірақ оны сұр схемалар бойынша да Қазақстаннан шығарады деген күдік бар. Сондықтан біз қазір бұл жағдайды бақылауға алып жатырмыз", - деді ол.

Бұл ретте министр пияз бағасының өзгеруі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

"Белгілі бір өсім болуы мүмкін. Мен болжам жасай алмаймын, бiрақ бұл сұрақ өте субъективті", - деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, Жұманғариннің айтуынша, қазір нарықта алыпсатарлық бар.

"Өткен аптада маған сауда желілерінің өкілдері келді, олар көп келісімшартқа отырды, өйткені фермерлер оны жоғары бағамен сатуды көздейді.  Бұл дегеніміз, ішкі нарықтағы баға өседі немесе біз экспортты ашуымыз керек. Бірақ біз қазір мұны істей алмаймыз, әйтпесе біз өткен жылдағыдай тапшылықта қаламыз. Сәбіз мен картопқа баға – 1 кг үшін шамамен 700 теңгеге жеткен болатын", - деп ол алаңдаушылық білдірді.

Жұманғаринның айтуынша, министрлік пиязды жеткізуге келісімшарттар жасасқан. Ал елде бар қорлар сәуір айына дейін жеткілікті болуы керек.

"Ерте пiскен пияз үшін біз Тәжікстанмен 3 мың тонна пияз жеткізуге шарттар жасадық. Жалпы, бүгінде елде сәуір айына дейін жоғары инфляция кезеңінен тыныш өту үшін жеткілікті. Осыдан кейін біз көкөністерді шетелден тасымалдауға тура келеді. Бүгінде Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерiмен келісімшарт жасалды", - деп түйіндеді министрлік басшысы.

Бұған дейін, Қазақстанда пияз экспортына үш айға тыйым салынғаны хабарланған болатын. Бұл ретте 2022 жылдың 11 айында Қазақстан Пәкістанға, Өзбекстанға және Ресейге көкөніс жеткізуді ұлғайтқаны белгілі.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
На чем зарабатывают казахстанские банки и почему они прибыльнее развитых стран
вчера
Жители Казахстана тратят на еду большую часть зарплаты, чем в Беларуси, России и Китае. Инфографика
вчера
Минздрав пересмотрит лицензирование стоматологов после скандала с пенсионными деньгами
вчера
Қазақстан ЕО санкциялар жөнінде ескерту алмады
вчера
Дьявол кроется в деталях: названы главные страхи инвесторов горнорудной отрасли
вчера
Бюрократия дороже урожая: Казахстан теряет овощные рынки соседей
вчера
Казахстан не получал уведомлений от ЕС о введении вторичных санкций
вчера
Нацбанк выполняет свою роль, но инфляция остается высокой из-за действий правительства – мнение
вчера
НПЗ Казахстана обяжут производить больше востребованных ГСМ
вчера
Банктер шоттар жайлы мәліметті салықшыларға тапсырады
16 сентября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.