Қазақстанда ет экспорты шектелуі мүмкін

29 августа 2025 года

Қазақстанда ет экспортына шектеулер енгізу мәселесі қарастырылуда. Бұл жөнінде LS-ке "Атамекен" ҰКП төраға орынбасары Тимур Жаркенов мәлімдеді.

Оның сөзінше, аталған ұсыныс ведомствоаралық комиссия (ВАК) отырысында талқыланған.

"Көршілес елдерде ет бағасының күрт қымбаттап, тапшылықтың пайда болуына байланысты олар Қазақстаннан өнім сатып алуда. Ел ішінде қиындық туындамауы үшін қазір ет экспортына шектеу енгізу мәселесі қаралуда", – деді Т. Жаркенов.

ҰКП өкілі бұл мәселенің оңай шешілмейтінін айтты. Себебі негізгі басымдық – бағаның тұрақтылығын сақтау және қазақстандықтардың сұранысын қанағаттандыру. Сонымен бірге ол кәсіпкерлердің мүдделерін де ескеру қажет екенін жеткізді. Кәсіпкерлер әділ бағаның қалыптасуын және өнімді экспорттауға мүмкіндік берілуін күтуде. Барлық осы жайттар ВАК қарауына ұсынылды.

"Дұрыс әрі теңгерімді шешім қабылдау үшін көршілес мемлекеттердегі және ел ішіндегі ахуал жан-жақты талданатын болады", – деп түйіндеді Т. Жаркенов.

Салалық одақ өкілі Мақсұт Бақтыбаев Қазақстанда ірі қара мал басы азайып, соның салдарынан тапшылық пен бағаның өскенін айтты. Оның сөзінше, ресми деректерде бағаның қымбаттауы экспорт көлемінің артуымен түсіндірілгенімен, бұл шындыққа жанаспайды. Сарапшының мәліметінше, жыл сайын шетелге небәрі 15 мың тонна сиыр еті жөнелтіледі, бұл ішкі тұтынудың бар болғаны 3%-ын құрайды. Сондықтан мұндай көлем бағаның айтарлықтай көтерілуіне ықпал ете алмайды. Оның пікірінше, түйткілдің түпкі себебі – мал басының жеткіліксіздігі.

Өз кезегінде ауыл шаруашылығы министрлігі елде мал басының азайғанын жоққа шығарды. Ведомство LS-ке берген мәліметінде еттің қымбаттауын жемшөп, жанар-жағармай және коммуналдық қызметтердің қымбаттауымен байланыстырды.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстандағы ет бағасының өсуін инфографикада көрсеткег болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Последние новости:
Мясной баланс: Казахстан увеличил закупку говядины и курятины в Бразилии. Инфографика
сегодня
В Алматы начнут добывать электричество из мусора: как это отразится на тарифах
вчера
Казахстан все чаще занимает у России и ОАЭ: как изменился внешний долг за пять лет
сегодня
Британский инвестор вложит в разработку ванадия в Казахстане $500 млн
вчера
Алматыда қалдықтардан электр энергиясын өндіретін зауыт салынады
вчера
Безработица и монополия – бизнес о последствиях ограничений на продажу алкоголя
вчера
Инвесторам рекомендуют присмотреться к американским treasuries
вчера
Россия согласилась пересмотреть правила для казахстанских автоперевозчиков
вчера
Доступ налоговиков к банковской тайне может привести к росту теневого оборота – мнение
вчера
Нацбанк обяжут передавать налоговой сведения о крупных валютных операциях
вчера
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.