Қазақстанда баспана бағасы күрт қымбаттауы мүмкін

сегодня

Қосымша құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесінің өзгеруі тұрғын үйдің және оның жалға алу құнының өсуіне кері әсер етеді. Сонымен қатар, шағын құрылыс компаниялары жабылу қаупіне ұшырауы мүмкін. Бұл туралы LS-ке жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы Ермек Мүсірепов мәлімдеді.

Оның айтуынша, аталған салықтың 20%-ға дейін өсуі құрылыс материалдарының, қызметтер мен жұмыстардың қымбаттауына байланысты құрылыс шығындарын арттырады.

I және II санаттағы (элиталық және бизнес-класс) тұрғын үй бағасы 10%-ға дейін өсуі мүмкін. III және IV санаттарда (комфорт және эконом-класс) 5-10% аралығында қымбаттау күтіледі.

"Тұрғын үй құнының өсуі оны халықтың кең ауқымы, әсіресе орташа және төмен табысты отбасылар үшін қолжетімсіз етеді. Бұл жылжымайтын мүлікке, оның ішінде баға өзгерісіне өте сезімтал эконом-классқа деген сұранысқа әсер етеді. Осыған байланысты нарық қатысушылары жалға алуға көше бастайды, бұл мәміленің осы түрінің танымалдығын арттырады. Сәйкесінше, жалдау бағасы да 10%-ға көтерілуі мүмкін", - деп болжады Мүсірепов.

Оның айтуынша, сатып алу белсенділігі 30%-ға төмендеуі ықтимал.

Сондай-ақ, сұхбат берушінің пікірінше, салықтық жүктеме кейбір құрылыс салушылар мен сатып алушыларды айналып өту жолдарын іздеуге мәжбүрлеуі мүмкін. Мысалы, олар құжаттардағы құнын төмендетіп көрсету арқылы мәмілелер жасасуы немесе салық төлеуден жалтару схемаларын пайдалануы мүмкін.

Бұдан бөлек, аймақтарда жұмыс істейтін шағын құрылыс компаниялары банкроттыққа ұшырау қаупінде. Мүсіреповтің есептеуі бойынша, бұл елдегі құрылыс ұйымдарының 10%-ына әсер етуі мүмкін. Себебі, ірі құрылыс салушылармен бәсекелестік қаржыландыру мен салық төлеу мүмкіндіктерінің айырмашылығына байланысты күшейеді.

Сонымен қатар, сарапшы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрғын үй қорын басқару жүйесін түбегейлі реформалау және құрылыс нысандарын қала құрылысы жоспарлаудан бастап пайдалануға беруге дейін цифрландыруды қамтитын бірыңғай ақпараттық жүйені әзірлеу туралы тапсырмасын оң бағалады.

"Бұл -өте өзекті бастама. Оған қоса, тұрғын үй қорын басқару алгоритмін цифрландыруды тиісті заң негізінде енгізу қажет", - деп түйіндеді Мүсірепов.

Еске сала кетейік, үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚҚС мөлшерлемесін арттыру жоспары айтылды. Сондай-ақ, бұл төлем бойынша шек 78 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін.

Осы ретте жылжымайтын мүлік жөніндегі сарапшы Александр Пак Қазақстан азаматтары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі төмендеуі мүмкін екенін болжады.

Бұған дейін, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда тұрғын үй нарығында ҚҚС орнына инфрақұрылымдық алым енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын мәлімдеген болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.