Қазақстанда бай мен кедейдің тамағы қалай ерекшеленеді

Бірінші топ екінші топқа қарағанда 3,5 есе көп ет жейді

14 сентября 2021 года

Ең бай қазақстандықтар елдің аз қамтылған тұрғындарына қарағанда ет өнімдерін, жұмыртқа мен көкөністерді бірнеше есе көп тұтынады. LS тілшісі Ұлттық статистика бюросының осы санаттағы тұрғындардың тамақтануындағы айырмашылығын зерттеп көрді.

II тоқсанда ең көп қамтамасыз етілген халықтың 10%-дан тұратын қазақстандық 36,6 кг ет және ет өнімдерін жеді. Бұл ең аз қамтамасыз етілген халықтың 10%-ы – 10,6 кг тұтынған тамақтан 3,5 есе көп.

Өз кезегінде нан өнімдері мен жарма бойынша екі топтың арасындағы айырмашылық ең аз тіркелді. Аса қамтамасыз етілген қазақстандықтың рационында үш айда осы өнімдердің 43,2 кг, ал ең аз қамтамасыз етілген қазақстандықтарда – 26,5 кг болды.

Сонымен қатар, бай тұрғын 7,85 кг балық пен теңіз өнімдерін, ал кедей адам 1,56 кг жеді. Арадағы айырмашылық бес есе.

Сүт және сүт өнімдеріне келетін болсақ, қамтамасыз етілген қазақстандыққа үш айда 110,9 кг келді, бұл ең аз қамтамасыз етілген тұрғынға қарағанда 3,4 есе көп – 32,8 кг.

Сондай-ақ, жұмыртқа өнімін пайдалану үш еседен астам көрсеткіш байқатты. Яғни, 86,2 данаға 27,5 дана.

Қамтамасыз етілген топтан шыққан қазақстандық II тоқсанда 32,2 кг көкөніс (картопты есептемегенде), ал ең аз қамтамасыз етілген топтан – 12,3 кг жеді, айырмашылық – 2,6 есе. Картоп жағдайында пайдалану мөлшері 2,5 есе өзгереді: 18 кг-нан 7,1 кг-ға дейін.

Жемістердің айырмашылығы әлдеқайда маңызды – 3,7 есе: бай қазақстандық үш айда 31,1 кг, ал кедей – 8,4 кг жеді.

Қант, джем және кондитерлік өнімдер бойынша қамтамасыз етілген топтың бөлінуі 2,8 есе – 6,4 кг-ға қарағанда 18 кг құрады.

Бұған дейін LS редакциясы қазақстандықтардың 2021 жылдың II тоқсанында не жегені туралы айтқан болатын. Үш айда бір тұрғынға орта есеппен 20 кг-нан астам ет өнімдері, 49 жұмыртқа, 16 кг жеміс, 33 кг нан мен жарма, 2,4 кг балық және т. б. келеді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.