Қазақстанда қандай мамандар тым артық

Кейбір мамандар қысқартулардың құрбаны болды

9 августа 2021 года

Қазақстанда заңгерлер мен малшылардың саны артқаны байқалады. Бұл туралы LS-ке еңбек ресурстарын дамыту орталығынан хабарлады.

Ұйымның ақпараты бойынша, 2021 жылғы маусымда электрондық еңбек биржасында малшылардың 1,2 мың түйіндемесіне барлығы 320 бос жұмыс орны келген.

Жұмыс іздейтін заңгерлер қатары да екі есе көп болды – 539 түйіндеме және 254 бос жұмыс орны.

Сондай-ақ, ең көп мамандықтар тізіміне фирма директорлары кірді – 236 түйіндеме және тоғыз бос жұмыс орны, айырмашылық 26,2 есе.

Біліктілік тұрғысынан елді мекендерді абаттандыру бойынша жұмысшылар, вахтерлер мен консьерждер, курьерлер, сондай-ақ, аумақтарды абаттандыру бойынша жұмысшылар сұранысқа ие емес.

"Мұндай үрдіс екі себепке байланысты болуы мүмкін. Егер мал өсірушілердің, заңгерлердің, компания директорларының, күзетшілердің, консьерждердің және курьерлердің артық болуы тиісті санның табиғи жетіспеушілігін немесе еңбек нарығындағы жұмыс орындарының ішінара қысқаруын, соның ішінде COVID-19 алдын-алу бойынша үздіксіз шектеулерге байланысты болса. Онда елді мекендер мен аумақтарды абаттандыру бойынша жұмысшылардың түйіндемелері санының артуы көктемде – маусымдық жұмыстардың басталу кезеңінде бос орындардың көпшілігін толтырумен байланысты", – деп атап өтті ЕРДО-да.

Орталықта аталған көрсеткішті төмендету үшін Қазақстанда қажетті мөлшерде және сапада еңбек ресурстарын алу және сол арқылы экономиканың жедел өсуін қамтамасыз ету үшін білім беру жүйесі мен еңбек нарығы арасындағы өзара байланыс қажет екенін қосты.

Қазақстанда кадрлар тапшылығын төмендету үшін 2017-2021 жылдары "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді. Оның аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту қарастырылған. Сонымен қатар, халықаралық және қазақстандық білім беру алаңдарында тегін онлайн-оқыту мүмкіндігі пайда болды.

Айта кетейік, жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару бағдарламасы да жұмыс істейді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Падение доходов населения и уроки от Кыргызстана – что беспокоит главу Нацбанка
14 ноября 2025 года
Мясо и пшеница караванами: поставки казахстанских продуктов в Узбекистан растут. Инфографика
14 ноября 2025 года
В Казахстане введут биометрию и лимит на SIM-карты для борьбы с обманом
сегодня
Казахстан и Узбекистан хотят совместно производить линейный алкилбензол
вчера
США разрешили КТК, Кашагану и ТШО проводить сделки с ЛУКОЙЛом и Роснефтью
вчера
Правительство утвердило список тех, кто не сможет работать на упрощенке
14 ноября 2025 года
Неравная конкуренция: Шаяхметова о растущем влиянии государства в бизнесе
14 ноября 2025 года
В нескольких областях отмечено падение производства яиц и мяса
14 ноября 2025 года
Кредиты от телекомов и финтеха возьмут под контроль
14 ноября 2025 года
Банки активно кредитуют бизнес: выдано 14,7 трлн тенге за девять месяцев
14 ноября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.