Ағымдағы екі жылда Қазақстанның солтүстігінен оңтүстігіне қоныс аударушылар үшін тұрғын үй сатып алуға 12 млрд теңгеден астам қаражат бөлінбек, деп хабарлайды LS.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жоспары бойынша 2021-2022 жылдары солтүстік Қазақстан облысына 12,2 млрд теңге бағытталады. Оның ішінде 2021 жылы – 4,2 млрд теңге, ал 2022 жылы – 8 млрд теңге. Бұл еңбек күші артық өңірлерден қоныс аударушылар үшін тұрғын үй сатып алуға арналған қаражат. 1,7 мың дайын бір пәтерлі үй сатып алу жоспарлануда. Биыл – 714, ал келесі жылы – 1 мың.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы қоныс аударушыларға төленетін төлемдерге 2,4 млрд теңге қарастырылған.
Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан жұмыс күші артық өңірлер деп аталды. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жұмысшылар жетіспейді.
Барлығы 7 мыңнан астам адамды немесе 2 мың отбасын қамту жоспарлануда.
Еңбек министрлігінің ақпаратына сәйкес, отбасының әрбір мүшесіне көшуге біржолғы төлем 35 АЕК (2021 жылы 102,1 мың теңге) құрайды.
Сондай-ақ, тұрғын үйді жалдап, оның коммуналдық қызметтеріне де ақы төлеу бойынша қаражат қарастырылған.