Қазақстан Ресеймен көбірек сауда жасамақ

Сондай-ақ, Шығыс Еуропаға экспортты ұлғайту жоспарда бар

30 июля 2021 года

Қазақстан Ресеймен шекаралас екі хаб салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы LS-ке сауда және интеграция министрлігінде хабарлады.

"Қызылжар" трансшекаралық сауда орталығы (ТСО) Ресейдің Сібір және шығыс аймақтарына экспорттауға бағытталған. Ол арқылы Қазақстан жалпы халқы шамамен 9 млн адамды құрайтын Омбы, Челябин және Түмен облыстарымен сауданы ұлғайтатын болады.

Сауда министрлігінде бұл жоба Қазақстанның кәсіпорындары мен басқа өңірлерінің экспорттық әлеуетін қамтитын трансшекаралық хаб ретінде қарастырылатынын атап өтті. Бірақ бұл үшін экономикалық алғышарттар, көлік және басқа да мүмкіндіктер, болашақ орналасу жөнінде зерттеулер жүргізіп, тұжырымдама әзірлену керек.

Екінші трансшекаралық сауда орталығы – "Еуразия" – Шығыс Еуропамен және Ресейдің 30 миллион халқы бар шекаралас аймақтарымен сауданы арттыруға көмектеседі.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысында қосымша құнды қалыптастыру үшін индустриялық кәсіпорындары бар логистикалық кластер пайда болады деп күтілуде.

"БҚО орталық үшін аумақ ретінде географиялық және геоэкономикалық орналасуы жағынан қызықты. Аймақ арқылы негізгі көлік артериялары, соның ішінде халықаралық артериялар өтеді. Техникалық сипаттамалар далалық зерттеу жүргізілгеннен кейін, олар жергілікті атқарушаы органдармен, даму институттарымен және жобаның басқа да қатысушыларымен пысықталғаннан кейін белгілі болады", - деп хабарлады сауда министрлігінде.

Бұған дейін министрлікте Қырғызстанмен орталық құру жоспары туралы хабарланды және Өзбекстанмен шекарада "Орталық Азия" халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығы бойынша егжей-тегжейлі айтылды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.