Қазақстан Өзбекстанмен бірлесіп Қорғастың аналогын салуға дайын

Елдер экономикалық тұрақсыздықты жеңу үшін бірігуді жоспарлап отыр

11 марта 2020 года

Жақында Қазақстан Өзбекстанмен шекарада Орталық Азия халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының (ХСЭЫО) құрылысын бастайды. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды LS.

Facebook-тегі өз парақшасында ол келісім екі жылдан бері бар екендігін атап өтті.

"Жақында біз оңтүстік бағыттағы маңызды сауда жобасын – Өзбекстанмен шекарада "Орталық Азия" халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының құрылысын жүзеге асыруға кірісеміз. Бұл туралы екі жыл бұрын мемлекет басшылары деңгейінде уағдаластық болды", - деп атап өтті Сұлтанов.

Министрдің айтуынша, бұл – Орталық Азия аймағындағы сауда кооперациясының маңызды элементі болмақ.

"Мұнда көтерме-бөлшек сауда нысандары мен іргелес инфрақұрылым нысандары ғана емес, маңызды көлік-логистикалық орталық да құрылады. Әлемдегі экономикалық тұрақсыздық, бағаның төмендеуі, коронавирусқа қарсы, халықаралық сауда қатері, туризмнің төмендеуі жағдайында көршілермен сауданы қарқындату сияқты дағдарыстық құбылыстарды бірге жеңудің ең жақсы тәсілі", - деді ол.

Оның айтуынша, Орталық Азия халқы 71 млн адамнан асады. Өңір елдері бір – бірімен белсенді ынтымақтастықта.

"Біздің өзара сауда айналымы 2019 жылдың қорытындысы бойынша Орталық Азия елдерімен ғана $5,1 млрд құрады. Өзара сауда мен қызмет көрсетудің озық қарқыны 2017 жылдан бастап жалғасуда және орта есеппен 30,7%. Бұдан бұрын айтылғандай, өзара сауда өткен жылы төрт миллиардтаған межені асыра отырып, беске оңай жақындап келеді, бұл айырбасталатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемін екі есе көбейтудің аса амбициялық міндеттерін қоюға мүмкіндік береді. Сондықтан да ХСЭЫО құру біздің елдеріміздің экономикалық кооперациясын одан әрі күшейтуге мүмкіндік береді және "Оңтүстік-Солтүстік", "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізінің зәкірлі жобаларының бірі болады. Ол өңірден басқа елдерге үлкен өнім құбырының бір бөлігі болады", - деді Сұлтанов.

Министр атап өткендей, Қазақстанда көтерме-тарату және агро-логистикалық орталықтар желісін қамтитын тауар өткізу жүйесін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осыған ұқсас инфрақұрылым көрші Өзбекстан мен Қырғызстандағы Азия даму банкінің қолдауымен құрылады.

 "Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығы (ХСЭЫО) жобасын іске асыру Қазақстанға оңтүстікке жол ашады, бірақ біздің мемлекеттерге үшінші елдерге, ең алдымен Ресейге, Еуропа мен Қытайға бірлескен экспорттың бірыңғай тетіктерін құруға мүмкіндік береді. Орталықтың жанында екі ірі мегаполис орналасқан – Шымкент пен Ташкент. "Жақын жерде үлкен және жақсы дамыған инфрақұрылымдық тораптар бар – Сарыағаш теміржол вокзалы, Жібек жолы халықаралық өткізу бекеті, Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолы. Орталықтың есебінен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бірыңғай пул құрылып экспортқа сапалы азық-түлікті тұрақты түрде жабдықтау қамтамасыз етілмек", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін LS Қазақстан мен Өзбекстанның өздерінің "Қорғасы" пайда болатыны туралы ақпарат таратқан болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.