Қазақстандағы тұрғын үй құны өзге елдермен салыстырғанда салыстырмалы түрде қолжетімді. Дегенмен, ипотекалық несие мөлшерлемелері әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің қатарында, деп хабарлайды LS.
Ел қалаларындағы жағдайды жалпы бағалағанда, тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің орташа құны орталық аудандарда 672,5 мың теңге деңгейінде.
Өзге елдермее салыстырғанда шаршы метр бағасы төмен елдердің қатарында Оңтүстік Африка Республикасы – 519,9 мың теңге, ал Тәжікстан – 557,6 мың теңге көрсеткішімен тұр.
Шет елдерде тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны Қазақстандағы көрсеткіштен жоғары. Атап айтқанда, Қырғызстанда ол 733,7 мың теңге, Өзбекстанда 737,5 мың теңге, ал Түркияда 778,7 мың теңгені құрайды. Аргентинада шаршы метр бағасы 1 млн теңгеден асады.
Ал бірқатар елдерде тұрғын үй бағасы одан да жоғары деңгейде қалыптасқан. Мәселен, Ресей мен АҚШ-та 1 шаршы метр шамамен 1,5 млн теңге, Испанияда – 1,9 млн теңге, Қытайда – 2,1 млн теңге, Чехияда – 2,4 млн теңге, Жапонияда – 2,5 млн теңге, ал Ұлыбританияда 2,6 млн теңгеге жетеді.
Тұрғын үй бағасы ең жоғары елдердің бірі – Израиль. Мұнда 1 шаршы метр баспананың бағасы шамамен 4,8 млн теңгені құрайды.
Сонымен қатар елде ипотекалық несие мөлшерлемесі көптеген елдермен салыстырғанда жоғары деңгейде. 20 жыл мерзімге берілетін ипотеканың орташа мөлшерлемесі 19,19%-ды құрайды.
Салыстырмалы түрде алғанда, бірқатар елдерде ипотекалық несие мөлшерлемесі Қазақстанға қарағанда айтарлықтай төмен. Мәселен, Жапонияда 2,04%, Испанияда – 3,29%, Қытайда – 3,47%, ал Оңтүстік Африка Республикасында 11,24% деңгейінде.
Қазақстанға жақын көрсеткіш Қырғызстанда тіркелген – 20,2%. Ал Ресейде ипотекалық мөлшерлеме 21,26%, Тәжікстанда – 22,56%, Өзбекстанда – 23,29%. Бұдан жоғары мөлшерлеме Түркияда 41,91%, ал Аргентинада 59,9% деңгейінде.
Тұрғын үйді жалға алу құнына қатысты, Қазақстан қалаларының орталық аудандарында бір бөлмелі пәтердің ай сайынғы жалдау ақысы орта есеппен 228,6 мың теңге.
Салыстырмалы түрде, Қытайда мұндай пәтерді 177,7 мың теңгеге, Өзбекстанда 211,7 мың теңгеге, ал Оңтүстік Африка Республикасында 227 мың теңгеге жалдауға болады.
Ал кейбір мемлекеттерде жалға алу құны жоғарырақ. Мәселен, Аргентинада бір бөлмелі пәтердің ай сайынғы жалдау ақысы 235 мың теңге, Тәжікстанда – 239,3 мың теңге, Қырғызстанда – 241,7 мың теңге. Ал Түркияда бұл көрсеткіш 267,4 мың теңгеге, Жапонияда – 273,7 мың теңгеге, Ресейде 280,6 мың теңгеге жетеді.
Чехияда бір бөлмелі пәтерді жалға алу айына шамамен 380,5 мың теңге тұрады. Испанияда бұл көрсеткіш – 476,5 мың, Ұлыбританияда – 617,6 мың теңге. Израильде жалдау ақысы 705,4 мың теңгеге, ал АҚШ-та 749,1 мың теңгеге жетеді.
Қазақстан қалаларының орталық аудандарында үш бөлмелі пәтерді жалдау құны айына орта есеппен 404 мың теңгені құрайды.
Салыстыру бойынша, үш бөлмелі пәтерді Тәжікстанда айына 347,7 мың теңгеге, ал Қытайда 378,3 мың теңгеге жалдауға болады.
Өзбекстанда мұндай тұрғын үйдің жалдау ақысы 429,9 мың теңге, Оңтүстік Африка Республикасында – 438,6 мың теңге, Түркияда – 451,4 мың теңге, Қырғызстанда – 454,7 мың теңге.
Ал Аргентинада үш бөлмелі пәтердің айлық жалдау құны 477,7 мың теңге, Ресейде – 513,2 мың теңге, Жапонияда – 639,8 мың теңге, Чехияда – 656,7 мың теңге, Испанияда 745,9 мың теңгеге дейін жетеді.
Ал Ұлыбритания, Израиль және АҚШ-та қалалардың орталық аудандарындағы үш бөлмелі пәтердің ай сайынғы жалдау ақысы 1 млн теңгеден асады.
Айта кетейік, тұрғын үй нарығын салыстыру үшін елдер мен негізгі көрсеткіштерді LSM.kz сарапшысы жүргізді. Есептеулер мен салыстыруды редакция Numbeo деректеріне сүйене отырып жасалды. Тұрғын үй бағасы, жалдау ақысы және ипотека мөлшерлемесі деректер жиналған кездегі көрсеткіштер бойынша берілді.








.jpg)
