Қазақстан Иорданияда уран кенін игермек

сегодня

Қазақстан Иордания аумағында уран кен орындарын игеруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды LS.

"Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Иорданияда уран өндіру ісі жолға қойылатынын мәлімдеді.

"Бүгін "Қазатомөнеркәсіп" пен Иорданияның ұлттық уран компаниясы Jordan Uranium Mining Company (JUMCO) ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды. Заңдық күші бар бұл құжатқа сәйкес, 2026 жылдың соңына дейін бірлескен кәсіпорын құрылады. Оның 70%-ы "Қазатомөнеркәсіпке", ал 30%-ы иордандық компанияға тиесілі болады", - деді ол Ақордада.

Спикердің айтуынша, 2026 жылға дейін тараптар Иорданияда уранды өндіру мен байытудың ерекшеліктерін бағалау мақсатында өндірістік-зерттеу жұмыстарын атқарады.

Ал бұған дейін, LS редакциясы мәлімдегендей, Иордания королі Абдалла ІІ бен әл-Хусейн Қазақстанға ресми сапармен келмек. Оны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шақырған еді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.