Қазақстан Өзбекстанға жаңа жол ашады

Шамамен құны–75 млрд теңге

23 декабря 2021 года
    

Қазақстан Өзбекстанға 75 млрд теңгеге автожол салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы LS-ке индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, желтоқсан айында екі елдің өкілдері Қызылорда – Үшқұдық автомобиль және теміржол құрылысы бойынша жоспарға қол қойды. Автотрассаның ұзындығы 280 км, оның ішінде Қазақстан аумағы бойынша 140 км құрайды деп күтілуде.

2024-2025 жылдары техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) әзірлеу, ал 2025 жылдан бастап жол құрылысын екі-үш жыл ішінде бастау жоспарланып отыр.

"Автомобиль жолы құрылысының болжамды құны 75 млрд теңгені құрайды, оның ішінде өткізу пунктін салуға 5 млрд теңге мөлшеріндегі шығындар бар", - деп хабарлады ИИДМ.

Ведомствоның болжауынша, бұл жол Қазақстанның оңтүстік, орталық және солтүстік өңірлері арқылы Орталық Азия елдерін Ресеймен біріктіреді. Автожол Қызылорда – Жезқазған – Павлодар – Ресей шекарасы халықаралық дәлізінің бір бөлігі болып табылмақ.

Сонымен қатар, өзбек тарапы Қызылорда – Үшқұдық жаңа теміржол желісінің құрылысын бастуға ниетті. Бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды. Ендігі кезекте ТЭН әзірлеу үшін экономикалық талдау жүргізу қалды.

Алайда, бұл екі елдің жоспарларындағы жалғыз теміржол емес.

Туристік әлеуетті арттыру үшін 2021-2024 жылдары Түркістан – Шымкент – Ташкент жоғары жылдамдықты магистралін 160 млрд теңгеге салу мәселесі пысықталуда. Бұл жоба Орталық Азияның аса ірі тарихи-мәдени орталықтарын біріктіруге мүмкіндік береді. Қозғалыс жылдамдығы сағатына 250 км болатын жолаушылар ағынын жылына 1,9 млн жолаушыға дейін арттыруға қабілеттті болады.

Сондай-ақ, ұзындығы 115 км өзбек теміржол желілеріне шығатын Дарбаза – Мақтарал теміржол желісінің құрылысы пысықталуда, бұл жобаға ұлттық жоспарда 161,8 млрд теңге көзделген.

Аталған темір жол Ауғанстан, Пәкістан, Түркіменстанға транзиттік қашықтықты қысқартып, қолданыстағы Сарыағаш өткізу пунктін босатса, Мақтарал ауданын Өзбекстан аумағы арқылы өту қажеттілігінсіз негізгі темір жолмен қосады деп күтілуде.

Бұған дейін. LS редакциясы Қазақстанды Қытаймен және Өзбекстанмен қандай жолдар байланыстыратынын жазған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.