Несиеге арналған банкілер

23 июня 2011 года
Қазақстандық банктердің кредиттік белсенділігі әлі күнге дейін жоғары емес. «Асыл Инвест» сараптамалық департаментінің басшысы Дамир Сейсебаев банктерге құнды қағаздарды инвестициялауды шектеуді ұсынып отыр. LS редакциясы Д. Сейсебаевты осы тұрғыда әңгімеге тартты. - Дамир, банктерді тек қана бөлшектік сегментте ғана емес тұтастай кредиттік белсенділігін артыруға итермелеу үшін не қажет деп ойлайсыз? - Банктер және мемлекет проблемді кредиттер мәселесін шешуге байланысты жұмыс жасап отыр. Алайда, соған қарамастан, несиелеуді қалпына келтіру өте баяу жүріп жатыр. Банктер әлі күнге дейін құнды қағаздардың үлкен үлесіне иелік етіп отыр. 2011 жылдың 1 мамырында банктерге салынған құнды қағаздар 2 трлн496,3 млрд тенге немесе активтің 20 % үлесін құрады. Ағымдағы жағдайға байланысты бұл көрсеткіш дұрыс емес деп ойлаймын. Жылдың басынан құнды қағаздарға банктердің тарапынан қаражат салу 274,6 млрд тенгеге немесе 12 % өсті. Ал бұл кездері банктегі кредиттер 123,1 млрд тенге немесе 1,4 % жоғарылады. Бұл құнды қағазарға салынған қаражаттан 2 есе көп. ҚҚ қаражат бөлу активтерді көбейді. Бұл жағдай өз кезегінде пайда әкеледі. 2010 жылы банктегі құнды қағаздар 0,7 % жұмыс істесе, кредиттер-9,6% болды. Инвестициялық қызметтердің шектелуі банктерді, ендігі ретте, экономиканы кредиттеу мәселесіне қатысты сұрақтарды белсенді әрі тез шешуге итермелейді. Банктер бұл жағдайдың тұтқындары болып қалды деп айта алмаймын. Бүгінде экономика жоғарғы қарқынмен дамып келеді. Егер банктегі құнды қағаздар портфелін 5% төмендетсек, акция және облигация нарығында бағалардың күрт құлдырауы орын алады. Алайда, бұл жағдай басқа инвесторлардың қызығушылығын тудыруы мүмкін. Осы ретте, инвестициялық компанияларды банктен бөліп тастау дұрыс болар. Инвестициялық компаниялар банктің қолдауымен дамып келеді. Ал банктер тұрақылықты қамтамасыз ету үшін аянбай қызмет етеді.  Банктерден бөлініп өз алдына жеке шығу аталмыш компанияларға өздігінен дамуға мүмкіндік туғызады. Осының арқасында, құнды қағаздар нарығында бәсекелестік туындап, инвесторлар жағдайларын жақсарта алады.
Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.