Назарбаев: Әлем ұйымдастыруының жана системасы барлық елдердің күш-жігерімен қалыптастырулы керек

3 мая 2011 года
Әлемдік дамудағы ортақ қағидаттарда барлық елдердің күш-жігері қалыптасуы керек. Бүгін елордада өтіп жатқан «Жаңа онжылдық: Болашақтар мен талаптар» атты ІV Астаналық экономикалық форумы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті. «Ең әуелі құрметті меймандарға қонақжай Қазақстан жеріне басқан қадамдарыңызға  құтты болсын деп айтқым келеді. Еуразия жүрегіндегі елордамызда Астаналық экономикалық форум осымен төртінші рет өтіп отыр. Халықаралық іргелі шараға қатысушылар қатары жыл сайын өсіп келеді. Осыдан-ақ форумға үлкен қызығушылық бар екендігі көрініп отыр», - деп бастады өз сөзін Елбасы Н. Назарбаев. Сонымен қатар Президент бүгінгі әлем жаңа онжылдыққа қадам басқанын айтып, қазіргі күні дүние дамуының жаңа қарсаңында тұрғанын жеткізді. «Сондықтан дағдарыстан кейінгі кезеңде жаңа қағидаттар қандай болады? Қандай жаңа тәртіп орнайды?» деген сауал баршаны толғандырады. Мен мұндай ортақ қағидаттарда барлық елдердің күш-жігерін қалыптастыру керек деп санаймын. Сонда ғана әлемдік құрылымның жаңа жүйесі баршаның және әрқайсысымыздың мүддемізге сай болады. Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруге белсенді рөл атқаруға ұмтылып келеді, оны білесіздер. Бұл бағытта біздің тәжірибеміз де мол. Қазақстанның осы рөлін айқындаған ЕҚЫҰ төрағалығы мен Астана Саммитінің өтуі соған дәлел бола алады деп санаймын», - деді Н. Назарбаев.
Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Последние новости:
Авария в России: эксперт советует ускорить строительство ГПЗ в Казахстане
16 октября 2026 года
Макароны уже не спасают: как подорожали самые простые продукты. Инфографика
16 октября 2026 года
Қазақстандықтар мемлекеттік көмектен бас тарта бастады
16 октября 2026 года
Доход, жилье и автомобили: как чиновники определили уровень благосостояния казахстанцев
16 октября 2026 года
Банки обяжут открыть регулятору доступ к своим базам данных
16 октября 2026 года
Самрук-Қазына привлек 3 млрд юаней на международном рынке
16 октября 2026 года
Казахстанцы начали отказываться от госпомощи
16 октября 2026 года
Қазақстанда автомектептерді бақылау күшейеді
16 октября 2026 года
Кредитование бизнеса растет, но новых заемщиков ждать не стоит – аналитик
16 октября 2026 года
Исламская рассрочка против банковской: что окажется выгоднее казахстанцам
16 октября 2026 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.