Қарағанды облысы инвесторлар үшін несімен тартымды. Инфографика

Қарағанды облысы сандарда

28 марта 2016 года

LS  Қазақстан облыстары бойынша инфографика топтамаларын жариялауды бастайды. Онда тауар айналымының құрылымы, тартылған инвестиция көлемі және жұмыс істеп тұрған компаниялар саны қамтылады. Алғашқы инфографикада Қарағанды облысы қарастырылған.

Негізгі капиталдағы инвестиция аймақта соңғы 5 жылда 40 % өсті. Егер 2011 жылы оның көлемі 253 млрд. теңгені құраса, 2015 жылы бұл 355 млрд. теңгеге теңесті.

 Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтеріне қарағанда, 2015 жылы республикалық бюджетке Қарағанды облысынан 236,1 млрд. теңге түсті.

Аймақтағы тауар айналымы өткен жылы 3,3 млрд. $ болды. Сонымен бірге экспорт пен импорт ЕАЭО қатысушы елдермен 327,4 млн. $-ды құрады.

Аймақпен сауда бойынша Қытай көшбасшы болды. Экспорт пен импорт бұл елмен 963 млн. $-ды құрады. Ірі сауда серіктестер қатарында, Мальта (491 млн. $), Иран (399 млн. $) және Ұлыбританияны (370 млн. $) атап өтуге болады. Бұл тізімде сондай-ақ, Түркия, Германия, Финляндия да бар.

Облыста 17,6 мың компания жұмыс жасайды. Оның 4,9 мыңы сауда, 2,5 мыңы құрылыс, 1,4 мыңы өңдеу өнеркәсібінде.  Білім беру мен қызмет  көрсету саласындағы мекемелер 1,1 мыңнан және жылжымайтын мүлікпен операция жасау саласында 1 мың ұйым бар. Сонымен қатар таукен өндірісі саласында аймақта 192 кәсіпорын ұсынылған.

Қарағанды облысы – республикадағы ірі аймақ. Оның аумағы 427,9 мың шаршы метрді, ал тұрғындарының саны 1,4 млн. адамды құрайды.

Басқа инфографикалар

Karaganda_kaz280316

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.