Алматы облысына үш зауыт көшіріледі

вчера

Алматыдан Алматы облысына үш кәсіпорын көшуі мүмкін. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше, көшуге ниет білдірген алматылық кәсіпорындарға үш индустриялық аймақтан орын ұсынылуда. Атап айтқанда, олар "Қазыбек бек" (900 га), "Шелек" (244 га), және "Қайрат" (150 га-ға кеңейтілетін) алаңдары.

Әкімдік өкілдерінің мәлімдеуінше, Алматыдан өңірге көшуі мүмкін үш кәсіпорынның түрлері:

  • өнеркәсіптік ысырма және құбыр арматурасын өндіретін зауыт;
  • ПВХ және алюминий бұйымдарын шығаратын өндіріс орны;
  • қабырғалық блоктар жасайтын зауыт.

Жалпы, Алматы агломерациясын дамыту аясында мегаполистен өңірге 10 кәсіпорын көшуі мүмкін.

LS редакциясы бұған дейін хабарлағандай, Алматыдан өңірлерге көшірілетін кәсіпорындардың тізімі санитарлық классификацияға сәйкес әзірленіп жатыр. Атап айтқанда, бұл тізімге бірінші және екінші қауіп класындағы өндіріс орындары еніп отыр. Қала әкімдігінің мәліметінше, мұндай кәсіпорындарды Алматы агломерациясынан тыс жерге көшіруді ынталандыру үшін кемінде екі индустриялық аймақ құрылмақ. Оның бірі – аграрлық бағытқа, екіншісі – құрылыс материалдары мен металлургия саласына арналатын болады. Сонымен қатар, қазіргі таңда 20 кәсіпорынның 5-10 жыл ішінде өңірге көшуі жоспарланып отыр.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.