Жыл соңына қарай теңге мен инфляция жағдайы қандай болмақ – болжам

Жалпы iшкi өнiм 3,8% өседі деп күтілуде

2 ноября 2021 года

2021 жылы теңгенің орташа жылдық бағамы $1 үшін 426,3 деңгейінде қалыптасады, ал инфляция 7,8% деңгейінде болады. Бұл болжаммен AERC компаниясында бөлісті, деп хабарлайды LS.

Компанияның талдаушылары қарашадағы макроэкономикалық шолуда мынадай факторларға сүйенеді: Brent бағасы 2021 жылы орташа есеппен бір баррель үшін $68,6 құрайды, сауда әріптес елдердің экономикасы 5,3%- ға өседі, ал мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 86 млн тонна деңгейінде қалыптасады.

"Біздің болжамымыз бойынша, Қазақстанның нақты ЖІӨ 2021 жылы 3,8%-ға дейін, ал 2022 жылы 4%-ға дейін артады. Тұтыну инфляциясы 2021 жылы 7%-дан 7,8%-ға дейін өседі, бірақ 2022 жылы оны тежеу бойынша қазір қабылданып жатқан шаралардың кешеуілдеп әсер етуі есебінен 6,5%-ға дейін төмендейді. Төлем балансының ағымдағы шоты тапшылықты – $7,1 млрд (шілдеде $6,4 млрд) дейін кеңейту жағына қарай қайта қаралып, ЖІӨ-де – 3,6%-ды құрады. Brent бағасы 2021 жылы орташа есеппен $68,6 деңгейінде, 2022 жылы – $66 болады", - делінген шолуда.

Сарапшылар RUB/KZT номиналды айырбастау бағамы биыл 5,8, ал 2022 жылы 5,9 бірлікті құрайды деп күтуде.

"AERC USD/KZT бағамы 2021 жылы орта есеппен 426,3 деңгейінде қалыптасады деп күтуде. 2022 жылы ол Brent бағасы барреліне $66 болған кезде $1 үшін 430,4 теңгені құрайды", - деп күтеді сарапшылар.

Шолуға сәйкес, негізгі капиталға инвестициялар деңгейі 102,5% г/г-дан 102% г/г-ға қарай қайта қаралды). Сондай-ақ, 2021 жылы атаулы орташа айлық жалақының 12,5%-ға өсуі күтілуде. Осындай үрдіс 2022 жылы 11% деңгейінде сақталмақ. 

"Қазақстанда атаулы ақшалай табыс өткен жылмен салыстырғанда 12,2%-ға артады. Ал 2022 жылы – 12%. Сонымен қатар, нақты экспорт биыл 2,5%-ға, импорт 3,9%-ға өседі. Өңдеу өнеркәсібі өткен жылмен салыстырғанда 5,7%-ға, құрылыс көлемі 12%-ға, ауыл, орман және балық шаруашылығы 4,1%-ға артады", - делінген AERC компаниясының болжамында.

Бұдан басқа, құжатта бастапқы алғышарттарды ескере отырып, Қазақстанның сауда балансы 2021 жылы $10,3 млрд (2022 жылы $10,8 млрд) мөлшерінде оң болатынын атап өтті.

"Төлем балансы қызметтерінің сальдосы биыл $3,1 млрд деңгейінде қалыптасады, бастапқы кірістер балансы шамамен – $15,6 млрд құрайды, 2022 жылы AERC бастапқы кірістер балансы тапшылығының 2021 жылмен салыстырғанда 0,94%-ға – $15,5 млрд-қа дейін төмендеуін болжайды", - деп күтуде сарапшылар.

Сонымен қатар, AERC бағалауы бойынша салық түсімдері 9,81 трлн теңгені құрайды. 2021 жылы корпоративтік табыс салығы 2,07 трлн теңгеден асады, жеке табыс салығы 1,01 трлн теңге деңгейінде, ал қосылған құн салығы 2,78 трлн теңге деңгейінде болады деп күтілуде.

Бұл ретте AERC 2021 жылға арналған мемлекеттік бюджет шығыстарының көлемі бойынша болжамды шілдеден бастап 15,52 трлн теңге деңгейінде сақтап қалды.

"Шілде айындағы болжаммен салыстырғанда мемлекеттік бюджет тапшылығы – 3,01 трлн теңге немесе ЖІӨ-ге – 3,6% деңгейінде болады деп күтілуде. 2022 жылы инфляцияны тежеу мақсатында мемлекеттік бюджет шығындары 2021 жылмен салыстырғанда 3,6%-ға немесе 14,97 трлн теңгеге дейін азаяды. Сондай-ақ, келесі жылы мемлекеттік бюджет тапшылығы – 2,63 трлн теңге немесе ЖІӨ-ге – 3% деңгейінде болжанады", - деп қорытындылады AERC компаниясы өз макроэкономикалық шолуында.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.