Зейнетақы қаражатын мерзімінен бұрын шешіп алудың қандай тәуекелдері бар

сегодня

Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі қосымша факторларды ескеру арқылы кеңейтілмек. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді деп, хабарлайды LS.

Министрліктің мәліметінше, жаңа тәсіл азаматтардың қаржылық тұрақтылығын нығайтып, қартайғанда жеткілікті деңгейде төлем алуға жағдай жасайды.

"Бұл қаражатты кез келген уақытта алып, күнделікті шығындарға жұмсайтын депозит ретінде қарастыруға болмайды. Әсіресе, болашақ зейнетақысы мемлекеттік базалық төлем мен жеке жинақтардан қалыптасатын жастар үшін оны сақтау аса маңызды", – деп атап өтті министрлікте.

Қолданыстағы әдістеме бойынша азамат ай сайын міндетті зейнетақы жарналарын үздіксіз аударып, зейнет жасына дейін қажетті соманы толық жинайды деген болжам бар. Алайда, министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл тәсіл өмірдегі нақты жағдайларды – мысалы, кей кезеңдерде тұрақты жұмыс пен табыстың болмауын ескере бермейді.

Сондай-ақ, әдістемені жаңарту соңғы үш жылда ең төменгі жеткіліктілік шегінің қайта қаралмауына да байланысты.

"Осыған байланысты министрлік экономикалық негізделген, яғни актуарлық тәсілге көшуді ұйғарды. Енді есептеу кезінде адамның өмір сүру ұзақтығы, инвестициялық табыс және болашақ төлемдердің деңгейі ескеріледі",- деп мәлімдеді министрлікте.

Қазақстандықтарға мерзімінен бұрын ақша алудың тәуекелін түсіндіру үшін мысал келтірілді: 46 жастағы адамның шотында 11 млн теңге бар. Оның жеткіліктілік шегі – 7,8 млн теңге, яғни қазір ол 3,2 млн теңгені ала алады.

"Бірақ осы соманы шешіп алса, болашақта ай сайынғы зейнетақысы ең төменгі деңгейде қалады (қазір бұл – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы, шамамен 35,6 мың теңге). Ал егер бұл ақшаны қозғамай, жинақта қалдырса, кейін алатын төлемі 2-2,5 есе көп болады", – деп түсіндірді министрлікте.

Еске салайық, ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесін өзгерту жоспарлары былтыр айтылған болатын.

Бұған дейін, Қазақстанда БЖЗҚ-нан мерзімінен бұрын қаражат алуды толық тоқтату ұсынылған еді. Алайда Halyk Finance басқарма төрағасының кеңесшісі Мұрат Темірханов мұндай шешім жинақтаушы зейнетақы жүйесіне кері әсер етуі мүмкін екенін атап өткен.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.