ҚТЖ тарифтерді өзгертуді жоспарлап отыр

3 мая 2022 года

Қазақстанда теміржол тасымалы тарифтерін көтеру ұсынылды. "Қазақстан темір жолы" басшысы Нұрлан Сауранбаев осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды LS.

"Бізде қаржы ресурстарына қажеттілік үлкен, жылдық жалақы қоры 331 млрд теңгені құрайды. Алайда бiз үкімет көмегіне жүгінгіміз келеді. Тарифте тек 11 млрд теңге ғана тұрады, қалған 220 млрд теңгені біз өзіміздің өндірістік қызметімізден, бірінші кезекте транзит есебінен табуға тырысамыз. Бірақ геосаяси жағдайға байланысты бізде транзитпен қиындықтар туындады, сол себепті бұл кірістер түспеуі мүмкін. Сондықтан біз осы жылдың тарифтеріне бұрын транзит есебінен өтейтін жалақыға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін қосу үшін Үкіметке жүгінетін боламыз", - деп түсіндірді ол.

Компания басшысы Ресей арқылы транзит 43%-ға төмендегенін, тиісінше, бұл компанияның табысына әсер еткенін атап өтті.

"Шамамен 90 млрд теңгені біз мемлекеттен тарифке салуды сұрауды жоспарлап отырмыз", - деп нақтылады ол.

Сауранбаев сондай-ақ, журналистердің жолаушыларды тасымалдау бағасы қымбаттай ма деген сауалдарына жауап берді.

"Билеттер қымбаттамайды. Әңгіме экспорттық жүктер мен ішкі транзит тарифтері туралы болып отыр. Жолаушылар тасымалы – бұл жыл сайын шамамен 30 млрд теңгені субсидиялайтын мемлекеттің әлеуметтік қызметі. Сонымен қатар, ҚТЖ өз қаражаты есебінен 90 млрд теңгеге субсидия бөледі соның есебінен азаматтарымыз арзан билеттермен жүре алады", - деді ол.

Сондай-ақ, ҚТЖ басшысы биылғы жылы операторға өңірлердегі еңбекақыны теңестіруге тағы 22 млрд теңге жұмсау қажеттігін айтты.

"Біздің қызметкерлеріміздің негізгі шағымдары – 80% – жалақыға қатысты. Бізде еңбекақы төлеу деңгейі өте төмен үш өңір бар (Маңғыстау, Қостанай, Павлодар облыстары). Мысалы, Маңғыстау облысында бір өңір аясында жалақы айырмашылығы әлі де сақталған. Мәселен, Шетпе, Бейнеу, Сай-Өтес – бұл бір облыс шеңберіндегі кәсіпорындар және олар шамамен 1,5-1,8 коэффициентімен әртүрлі жалақы алады. Осы жылы біз барлық күш-жігерімізді осы айырмашылықты бүкіл Қазақстан бойынша теңестіруге бағыттаймыз. Оған шамамен 22 млрд теңге қажет", - деп атап өтті Сауранбаев.

Ол сондай-ақ, осы жылы компаниялар жалақыны 25-30%-ға көтергенін еске салды.

"Жалпы, бізде өте үлкен компания бар және еңбекақы төлеу қорының ұлғаюы біздің экономикалық көрсеткіштерімізге қатты әсер етеді. Биылғы жылдың бір ғана өсімі 70 млрд теңгеге жетті. Өткен жылы 63 млрд теңге көтеруге жұмсалды. Яғни, компания алған барлық пайданы қызметкерлеріміздің жағдайын жақсартуға жұмсаймыз", - деді ол.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.