Тоқаев ақша аударымдарына салық салу мәселесін мұқият пысықтауды тапсырды

Президент күн тәртібіндегі мәселені шешу жөнінде тапсырма берді

15 ноября 2019 года
    

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күн тәртібінен ақша аударымдарына салық салу мәселесін шешуді талап етті, деп хабарлайды LS.

Президенттің көмекшісі Мәулен Әшімбаев Facebook-те мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңес туралы жазды.

"Кеңесте президент қолма-қол ақшасыз аударымдарға салықты енгізу туралы айтып өтті. Бұл мәселе соңғы күндері қоғамды толғандыруда, өйткені өзінің ыңғайлылығының арқасында кейбір банктердің жедел аударым жүйесі халық арасында кеңінен танымал болып жатыр. Мемлекет басшысы аталмыш мәселе мемлекеттік мекемелердің мұқият пысықтауын талап ететінін атап өтті. Осы себепті президент күн тәртібіндегі мәселені шешу жөнінде тапсырма берді",- делінген мәтінде.

Әшімбаев азаматтарды толғандыратын өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі азық-түлік бағасының өсуі болып қалуда деп жалғастырды.

"Президент бұл мәселеде үкімет пен облыс әкімдерінің жұмысының жеткіліксіз жасалуы мен экономика, ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция министрліктерінің үйлестіру шараларын барынша саралауының болмай отырғанын атап өтті. Әкімдер іс жүзінде осы жұмыстан өз бетімен кетті. Баға болса делдалдардың тізбегімен жүретіні құпия емес. Мемлекет басшысы жұмыстың тоқтап қалғанын және тиісті тапсырмаларды уақытында және сапалы орындай алмаған тұлғаларды жазалауды тапсырды", - деп түйіндеді ол.

Бұған дейін хабарланғандай, мемлекет басшысы Ақмола облысындағы кеңес барысында шенеуніктерді көзбояушылықпен айналысуды тоқтатуға шақырды. Айта кетерлік жайт, президент бұған дейін де бірқатар маңызды мәселелерді көтерген болатын. Ол сондай-ақ Нұр-Сұлтанның дамуы туралы өз пікірін айқан болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.