2022 жылы Қазақстанда ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге дейін өседі. LS редакциясы ТМД-ның қай елдерінде бұл көрсеткіш елімізден асып түскенін салыстырды.
2021 жылы Қазақстанда ең төменгі жалақы (ЕТЖ) 42,5 мың теңгені құрады. Достастықтың алты елінде бұл көрсеткіш жоғары. Украинадағы ең көп ЕТЖ – 6 мың гривен, бұл 94,6 мың теңгеге тең. Одан кейін Ресей 12,8 мың рубльден немесе 74,6 мың теңгеден келеді. Беларусь, Әзірбайжан және Молдовада ең төменгі жалақы 60 мың теңгеден жоғары. Арменияда – 68 мың драма немесе 58,8 мың теңге.
Сонымен қатар, ТМД елдері арасындағы ең төменгі жалақы Қырғызстанда – 1,8 мың сом немесе 9,3 мың теңге. Одан кейін Тәжікстанда – 400 сомони немесе 15 мың теңге.
Өзбекстанда қыркүйек айында ең төменгі кірісті 822 мың сумға немесе 32,8 мың теңгеге дейін көтерді.