Түркиялық инвесторлар Қазақстанда жаңа өндірістерді іске қосуға көмектеседі

$1,9 млрд-қа 48 өндіріс іске қосылды

23 апреля 2021 года

Қазақстанда түрік инвесторларымен бірлесіп $2,3 млрд-қа 21 жоба іске асырылуда. Бұл туралы LS-ке Kazakh Invest хабарлады.

LS-ке хабарлағандай, жаңа өндірістік қуаттар агроөнеркәсіптік, тау-кен металлургия кешенінде, фармацевтикада, туризмде, химия және жеңіл өнеркәсіпте пайда болады. Сондай-ақ, түрік инвесторлары көлік-логистика нысандарын салуға көмектеседі.

Ұлттық компанияның деректері бойынша Қазақстанда $2,3 млрд-қа 21 жоба іске асырылуда. Атап айтқанда, екі жыл ішінде $73,4 млн-ға тоғыз өнеркәсіптік нысан ашылады деп күтілуде.

Мысалы, Алматы облысында $15 млн-ға үш өндірісті іске қосуды жоспарлап отыр, өңірде $7 млн-ға газ-электр плиталарын шығаруды ретке келтіреді, жобаның қуаттылығы жылына 100 мың бірлік газ, электр және аралас плиталарды құрайды. Жұмыспен 200 адам қамтылмақ. Сондай-ақ, облыста кондитерлік өнімдер өндірісі жолға қойылады. Кәсіпорын жылына 2,4 мың тонна шоколад өнімі мен 3,6 мың тонна лолипоптар шығарылады. 90 адам жұмыспен қамтылады. Өңірде тағы да ауыз су және газдалған сусындар өндірісі $3 млн- ға құрылады, қуаттылығы- жылына 14 млн л, жұмыс орындары – 50.

Алматыда түркиялық инвесторлар томотерапия орталығын (сәулелік терапия – LS редакциясы) ашады. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанда индустриялық және медициналық респираторлар өндірісі $9,3 млн-ға басталады деп күтілуде. Кәсіпорында жылына 3,5 млн бірлік FFP2 және FFP3 класты респираторлар шығару жоспарлануда. Сондай-ақ, елордада $25 млн болатын жаңа СОО пайдалануға беріледі, екі нысанның ашылуы есебінен Нұр-Сұлтанда 530 жұмыс орны ашылады.

Тағы екі жоба Шығыс Қазақстан облысында жүзеге асырылуда. Олардың жалпы құны $14 млн-нан асады, биылғы жылы қуаты сағатына 30 Гкал болатын $11,6 млн жылу көзін іске қосу көзделген. Түркиядан келген басқа компания геологиялық барлау жұмыстарына $3 млн қаржы салмақ.

Түркістан облысында $3 млн-ға памперс өндірісі жолға қойылады, кәсіпорында 100-120 млн бірлік шығарылады. Жұмыспен 50 адам қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, $1,4 млрд құрайтын 56 жоба түрік инвесторларымен пысықталуда. Айта кетейік, түрік тарапы Қазақстанда жеміс бақтарын өсіре алады. Ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда жеміс өндіру және қайта өңдеу бойынша жобаны іске асыру мүмкіндігі қарастырылуда. Елімізде 5 мың гектар алқапта 8 млн-нан астам жеміс ағаштары отырғызылады деп күтілуде. Сонымен, жыл сайын 700 га алма, 100 га алмұрт, 100 га қышқыл және 100 га тәтті шие отырғызу қарастырылған.

Ал Шымкентте шұлық бұйымдарын өндіруді жолға қойғысы келеді. $2 млн жобаны "Оңтүстік" АЭА-да іске асыруға болады. Соның есебінен 100 жаңа жұмыс орны құрылады. Түркиядан келген басқа компания Солтүстік Қазақстанда Qyzyzlja АЭА аумағында $17 млн жасымық өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр. Зауыттың қуаттылығы жылына 100 мың тонна дайын өнімді құрайды.

Ұлттық компанияда $1,9 млрд-қа 48 өндіріс іске қосылғанын еске салды. Мәселен, СІМ мәліметінше, 2019 жылы Шымкентте кілем өнімдерін шығаратын жаңа желі $3,7 млн-ға іске қосылды, ал Қостанай облысында өткен жылы $13,6 млн-ға диірмен кешені іске қосылды.

Сондай-ақ, түрік компаниялары Маңғыстау облысындағы қонақ үй құрылысына ($173 млн) және Түркістандағы әуежайға ($206 млн) қаражат салды. Сонымен қатар, Түркиялық инвестор 2017 жылы Қарасай ауданындағы кондитерлік өнімдер өндірісін жаңғыртуды қаржыландырды. Құны – 8,25 млрд теңге тұратын кәсіпорында 20 адам еңбек етеді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.