Шымкентте өзбек инвестициясымен екі зауыт іске қосылмақ

Жобалар экономикалық аймағының аумағында пайда болады

13 декабря 2021 года

Шымкентте өзбек компанияларының қатысуымен екі жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы LS-ке қала әкімдігінде хабарлады.

Жаңа нысандар "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының аумағында пайда болады. Ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта Өзбекстаннан келген инвестормен бірге металл өңдеу зауытын салу мәселесі пысықталуда. Жоба 6,3 млрд теңгеге бағаланып отыр.

Екінші кәсіпорынға келетін болсақ, оны іске қосу осы жылға жоспарланған. Арнайы экономикалық аймақта 375 млн теңгеге гигиеналық мақсаттағы қағаздан жасалған бұйымдар өндірісін іске қоспақ. Бұл жобаның қуаттылығы жылына 1,8 мың тонна қағазды құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, мегаполисте 2021-2025 жылдары 2,6 трлн теңгеге 282 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Соның есебiнен 20 мың адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Мысалы, "Жұлдыз" индустриялық аймағының аумағында құрылыс материалдары мен жиһаз өндірісі, сондай-ақ металлургия, фармацевтика салалары ашылатын болады. 60 жаңа зауытқа салынған инвестиция 200 млрд теңгені құрайды. Қазіргі уақытта оған 10 инвестор кіріп, өз зауыттарын салуды бастады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.