Шетелдіктер Қазақстанда миллиондаған теңгеге шағын несие алған

5 сентября 2023 года

Шетелдіктер қазақстандық микроқаржы ұйымдардан (МҚҰ) 120 млн теңгеден астам қарыз алды, деп хабарлайды LS.

Бірінші кредиттік бюроның (БКБ) LS-тің ресми сұрауына жауап ретінде ұсынған ақпаратына сәйкес, осы жылдың жеті айында МҚҰ-нан 69 резидент емес несие рәсімдеген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сегіз адамға аз.

Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында барлығы 184 микрокредит берілді (2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда -27,6%). Ал шетелдіктерге берілген несиелер сомасы 127,5 млн теңгені (-14,8%) құрады.

БКБ мәліметі бойынша, қарыз алған көшбасшылар қатарын МҚҰ-дан 98 млн теңге алған Ресей азаматтары бастап тұр. Екінші орында Өзбекстан – 8,6 млн теңге. Одан кейін Армения – 6,6 млн теңге, Қырғызстан – 6 млн теңге.     

LS редакциясы бұған дейін, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микрокредиттер туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәнін төмендету туралы қаулы қабылданғанын жазған болатын. Атап айтқанда, сыйақының шекті мәні 45 күнтізбелік күнге дейін берілген 30 АЕК-тен (103,5 мың теңге) 50 АЕК-ке (172,5 мың теңге) дейінгі сомаға жеке тұлғалардың шағын қарыздары бойынша 20%-дан 15%-ға дейін азаяды.

Сондай-ақ жеке тұлғаларға 45 күнтізбелік күнге дейін  берілген кепілмен қамтамасыз етілген мүлікке микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының күнделікті мөлшерлемесі 1%-дан 0,8%-ға дейін төмендейді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.