СҚО-да неміс ауыл шаруашылығы техникалары шығарылады

Жобаның қуаттылығы жылына 300 бірлік техниканы құрайды

21 апреля 2021 года

Солтүстік Қазақстан облысында неміс инвесторының қатысуымен жаңа өндіріс іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды LS.

Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлағандай, қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы техникасын құрастыратын кәсіпорынның ғимаратын қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. Оның айтуынша, CLAAS компаниясының жобалық үйлестірушісі Вальдемар Прибпен бірлескен жобаның іске асырылу барысын тексерiлді.

"Маусым айында барлық құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталады. 100-ге жуық тұрақты жұмыс орны құрылады. Қазір неміс концерні мамандарды іріктеумен қатар оларды дайындаумен айналысып жатыр", - деп жазды Ақсақалов.

Ол шығарылатын техника нарықтық құнның 50%-на дейін арзан болатынын атап өтті.

Бұған дейін LS Германиядан келген инвестор Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы техникасын өндіруге $9 млн салады деп жазған болатын. Кәсіпорында жылына 300 бірлік техника шығарылады деп күтілуде.

Анықтама

CLAAS-ауылшаруашылық техникаларын шығаратын неміс машина жасау компаниясы. 1913 жылы құрылған. Компанияның Еуропада, Азияда және Америкада 14 зауыты бар, кәсіпорында 11 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.