Рубль қымбаттап, теңге әлсіреп жатыр

22 апреля 2025 года

Теңге ресейлік рубльге қатысты әлсіреп, 6,37 деңгейіне дейін төмендеді. "Сентрас Секьюритиз" сарапшыларының пікірінше, бұл үрдіс жалғасуы мүмкін, деп хабарлайды LS.

22 сәуірде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша рубльдің теңгеге қатысты орташа сараланған бағамы 6,37 теңгені құрады. Сарапшылар мұны Украинадағы соғыстың аяқталуына және Ресейге салынған санкциялардың ішінара немесе толық алып тасталуына деген инвесторлардың үмітімен байланыстырып отыр.

"Осы жағдайға орай рубль басқа валюталарға қарағанда едәуір нығайып жатыр, ал теңге де осы үрдіске ілесіп отыр", - дейді "Сентрас Секьюритиз" компаниясында.

Сарапшылардың айтуынша, бұл жағдай Ресейге тауар экспорттайтын кәсіпкерлер үшін оң әсерін тигізіп, ал импорттаушылар үшін теріс салдарлар туындатуы мүмкін. Қысқа мерзімде отандық өндірушілер пайда көреді, себебі олардың өнімдері бәсекеге қабілеттілігі артатын болады.

"Импорттың толық ауыстырылуы қысқа мерзімде жүзеге аспайды. Сондықтан рубльдің нығаюы бірқатар тауарлардың бағасының өсуіне әкеліп, бұл инфляцияның жеделдеуіне ықпал етуі мүмкін. Бір жағынан, ішкі өнім (ЖІӨ) ұлғайып, жергілікті тауарлардың сатылуы есебінен елде қосылған құн көбірек сақталуы мүмкін. Екінші жағынан, тұтынушылық бағалардың өсуі ықтимал", - деп түсіндірді қаржы ұйымының өкілдері.

Сарапшылардың пікірінше, теңгенің рубльге қатысты болашақ бағамы көптеген факторларға тәуелді. Осы факторлардың ішінде бастысы- геосаяси жағдайдың өзгеруі.

"Егер соғыс аяқталса, Ресейге енгізілген санкциялар ішінара немесе толық алынатын болса (бұл екіталай), және активтер бұғаттан шығарылса, рубльдің күшеюі мүмкін. Мұндай жағдайда RUB/KZT жұбы 7 немесе 8 деңгейіне дейін төмендеуі ықтимал. Алайда, бұл жағдайларды алдын ала болжау өте қиын", - деп болжам жасайды "Сентрас Секьюритиз".

Сондай-ақ, сарапшылар EUR/KZT жұбына қатысты пікір білдірді. Аталған валюта жұбы бойынша 21 сәуірдегі орташа сараланған бағам- 601,59 теңге. Олардың айтуынша, қазіргі таңда бұл көрсеткіштің USD/KZT жұбымен айырмашылығы доллардың еуроға қатысты әлсіреуінде жатыр.

"Егер АҚШ-тың қазіргі билігі сауда саясатын айтарлықтай өзгертпесе, еуроның долларға қатысты бағамы одан әрі өсуі ықтимал", - деп қорытындылады сарапшылар.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Падение доходов населения и уроки от Кыргызстана – что беспокоит главу Нацбанка
14 ноября 2025 года
Мясо и пшеница караванами: поставки казахстанских продуктов в Узбекистан растут. Инфографика
14 ноября 2025 года
В Казахстане введут биометрию и лимит на SIM-карты для борьбы с обманом
сегодня
Казахстан и Узбекистан хотят совместно производить линейный алкилбензол
вчера
США разрешили КТК, Кашагану и ТШО проводить сделки с Лукойлом и Роснефтью
вчера
Правительство утвердило список тех, кто не сможет работать на упрощенке
14 ноября 2025 года
Неравная конкуренция: Шаяхметова о растущем влиянии государства в бизнесе
14 ноября 2025 года
В нескольких областях отмечено падение производства яиц и мяса
14 ноября 2025 года
Кредиты от телекомов и финтеха возьмут под контроль
14 ноября 2025 года
Банки активно кредитуют бизнес: выдано 14,7 трлн тенге за девять месяцев
14 ноября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.