Отандық көліктер арзандайды – сарапшы

сегодня

Қазақстанда жергілікті құрастырудағы көліктердің бағасы төмендеуі мүмкін, ал импорттық автокөліктердің құны өседі деп күтілуде. LS редакциясы бұл тақырыпта Автомобиль нарығын мониторингтеу және талдау агенттігінің басшысы Артур Мискаряннан пікір сұрады.

А. Мискарянның айтуынша, егер бұрын қытайлық брендтер тұтынушыларға беймәлім болса, қазір олар ақпараттық кеңістікте айқын көрініп, сатылымда да белсенділік көрсетіп отыр. Көптеген сала өкілдері бәсекенің күшейгенін және кейбір брендтердің "нарықты жаулап алғанын" байқаған.

"Осы және келесі жылы нарықтағы жағдай компаниялардың жаңа қадамдарын көріп, бағалай алуына мүмкіндік береді, бұл тұтынушылар үшін тиімді болады", – деді сарапшы.

Агенттік басшысы Қазақстанда бір корейлік бренд зауыты кең көлемде модернизациядан өтіп, көрсеткіштерін арттырғанын, ал тағы бір корейлік марканың өндірісі жаңа, жоғары қуатты және роботтандырылған алаңға көшірілгенін атап өтті. Сонымен қатар, бірнеше қытай бренді автомобильдерінің өндірісі жолға қойылған, жаңа зауыттың құрылысы да жүргізілуде.

"Барлығы нарықтағы ұсыныстың едәуір өсуіне әкеледі, бұл бағаның төмендеуінің негізгі себебі болып саналады. Кейбір брендтерде баға шамамен 7- 8% деңгейінде өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар, локализацияның артуы валюталық фактордың соңғы өнім құнына әсерін азайтады", – деп болжады А. Мискарян.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.