Қостанай облысында 90 млрд теңгеге өндіріс салынуда

16 февраля 2024 года

Осы жылдың соңына дейін Қостанай облысында 93 млрд теңгеге алты жобаны іске қосу жоспарланған. LS-ке жаңа жобалар туралы өңірлік әкімдікте хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, машина жасау мен жеңіл өнеркәсіпте 93,2 млрд теңгеге өндіріс жұмыс істейді. Олардың басталуы 756 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік бермек.

Өңірде 78,1 млрд теңгеге жүк автомобильдеріне шойын құю өндірісінің ашылуы күтілуде. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары және жабдықты іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілуде. Қуаты – жылына 45 мың тонна. Бұған дейін, ресейлік компания инвестор болған. Алайда, кейінірек бұл құрылым заңға сәйкес 2022 жылдың қарашасында тараптардың келісімі бойынша жобадан кеткені белгілі болды. Бұл ретте, іске асыру жалғасып жатқаны, жаңа инвестор – қазақстандық компания табылғаны атап өтілді. Шойын құюды сериялық өндіру 2023-2024 жылдары басталады деп күтілген.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорында 11,7 млрд теңгеге үш жоба іске асырылуда. 6,7 млрд теңгеге пластик бояу цехын іске қосу, 1,7 млрд теңгеге және 3,7 млрд теңгеге екі автомобиль маркасын құрастыру күтілуде. Жоба 350 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Облыста жыл соңына дейін жылжымалы теміржол құрамы үшін серіппелер шығаратын зауыт пайдалануға берілмек. Құны – 2,3 млрд теңге, қуаты – жылына 10 мың вагон жиынтығы, жұмыс орындары – 56. Әкімдікте құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылды.

Бұдан басқа, қолданыстағы тігін өндірісі 1,08 млрд теңгеге жаңғыртылуда.

Сонымен қатар, әкімдікте өткен жылдың қорытындысы бойынша іске қосылған жобалар айтылды. Олардың деректері бойынша, 2023 жылы 12 нысанның ашылуына 79,8 млрд теңге жеке инвестиция салынды. 1,4 мың жұмыс орны құрылды.

Мысалы, облыста 7,4 млрд теңгеге тракторларға арналған кабиналар өндірісі жолға қойылды. Қуаты – жылына 10 мың кабина, жұмыс орны – 100.

Өткен жылы қуаттылығы жылына 600 бірлік болатын коммуналдық техника мен автосалондар шығаратын зауыт салу жобасы іске асырылды. Оның жүзеге асырылуына 3,2 млрд теңге инвестицияланды. Ақпаратқа сәйкес, мұнда 180 жұмыс орны құрылған.

Облыста алкоголь, спирт-арақ өнімдерін өндіру және спирттік бардадан кейін қайта өңдеу бойынша кешен іске қосылды. Құны – 1 млрд теңге.

Сонымен қатар, жел электр станциясы 24,3 млрд теңгеге пайдалануға берілді. Жасыл нысанның қуаты 48 МВт құрайды. Өңірде 159 млн теңгеге конвейерлік роликтер өндірісі, 180 млн теңгеге бекіре өсіру фермасы ашылды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.