Қонаевтағы академқалашықтың құрылысы қашан басталады?

1 июля 2025 года

Қонаев қаласында академқалашық салу жобасының жүзеге асуы бірқатар кедергілерге байланысты кідіріп тұр. LS редакциясы бұл бастаманың қазіргі жай-күйін анықтады. 

Жаңа білім ордасын "Жаңа Іле" алаңында салу көзделіп отыр. Дегенмен, қала әкімдігінің хабарлауынша, бұл жобаны іске асыруға инвестор тарту оңайға соқпауда. Себебі аталған аумақта инженерлік және көлік инфрақұрылымы қарастырылмаған. 

Қазіргі таңда "Жаңа Іле" алаңына қажетті нысандарды салу және коммуникация тарту үшін техникалық құжаттама сараптамадан өтіп жатыр. Әкімдіктің хабарлауынша, әзірге тек медициналық академиялық қалашықтың құрылысы белгілі. 

Жалпы, "Жаңа Іле" аймағында төрт білім беру кластерін ашу жоспарланған. Қазір осы бағытта мүдделі тараптар мен Білім министрлігі арасында келіссөздер жүріп жатыр. 

Сондай-ақ, Премьер-Министрдің баспасөз қызметі Алматы маңындағы 500 гектар аумақта "Техноқала" құру жоспары барын хабарлады. Жаңа қала арнайы экономикалық аймақ-  "Алатау" мен Ядролық физика институтының іргесінде орналаспақ. Жоспар бойынша, бұл аумақтың 30 пайызы университеттерге, ғылыми-зерттеу институттарына және технопарктерге берілетін болады. 

Ғылыми қаланың моделін: мемлекет пен бизнес- ғылым- ЖОО (кадрлар)- технопарк (шағын өндіріс орындары) қағидаты бойынша қалыптастыру ұсынылған. 

Мұнда робототехника, электроника, медициналық техника, биотехнология, ядролық энергетика бағыттары дамытылады. Сонымен бірге агроөнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, жаңа материалдар мен химия саласына да басымдық беріледі. 

"Техноқала" негізінде зерттеуден бастап өндіріске дейінгі толық циклды қамтитын салалық кластерлер құрылмақ.

Өткен жылдың қыркүйегінде LS редакциясы Қонаев қаласында академқалашық салу үшін 100 гектар жер телімі бөлінгенін хабарлаған болатын. Бұл аумақта университеттер мен колледждердің филиалдары ашылады деп жоспарланған. Атап айтқанда, төрт жоғары оқу орнының кампустары бой көтермек. Жоспарға сәйкес, мұнда "Халықаралық медициналық университет", "Көпсалалы клиникалық аурухана" мен "Бес жұлдызды қонақүй" кешені салынуы тиіс. Бұл нысандар үшін 70 гектар жер қарастырылған. Сондай-ақ, қалған 100 гектар аумақта Qonayev Academic Campus- Ғаламдық зерттеу және инновация орталығын ашу ұсынылған.  

Бұған дейін Қонаевта шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылуы мүмкін екені айтылған болатын. Сонымен қатар, 1 200 орынға арналған политехникалық колледж салу жоспарланған. Өңір орталығын дамыту аясында кардиологиялық орталық, драма театры, мектептер мен жоғары оқу орындарының бөлімшелерін ашу ұсынылған. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, мемлекеттік университеттерді көшіру мәселесінде қаржыландыру күтілуде. Дегенмен, бұл бағыттағы жұмыс жекеменшік және шетелдік инвесторлардың қолдауымен жылдамырақ жүзеге асуы мүмкін.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қонаевтың болашақта студент жастар үшін жайлы әрі тартымды қалаға айналу мүмкіндігі зор екенін айтқан. Президенттің айтуынша, мұнда жатақханалар салуға жеткілікті жер бар.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Последние новости:
Падение доходов населения и уроки от Кыргызстана – что беспокоит главу Нацбанка
14 ноября 2025 года
Мясо и пшеница караванами: поставки казахстанских продуктов в Узбекистан растут. Инфографика
14 ноября 2025 года
Казахстан и Узбекистан хотят совместно производить линейный алкилбензол
вчера
США разрешили КТК, Кашагану и ТШО проводить сделки с ЛУКОЙЛом и Роснефтью
вчера
Правительство утвердило список тех, кто не сможет работать на упрощенке
14 ноября 2025 года
Неравная конкуренция: Шаяхметова о растущем влиянии государства в бизнесе
14 ноября 2025 года
В нескольких областях отмечено падение производства яиц и мяса
14 ноября 2025 года
Кредиты от телекомов и финтеха возьмут под контроль
14 ноября 2025 года
Банки активно кредитуют бизнес: выдано 14,7 трлн тенге за девять месяцев
14 ноября 2025 года
Цифровые финансовые инструменты должны работать на клиентов – Турлов
14 ноября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.