Нарықтағы жаңа ереже: үй алу жеңілдей ме

1 июня 2026 года

Қазақстанда 1 шілдеден бастап ипотекалық несиелер бойынша шекті сыйақы мөлшерлемесі жылдық 25 пайыздан 20 пайызға дейін төмендейді. Осы өзгерістің тұрғын үй бағасына ықпалы туралы жылжымайтын мүлік саласының сарапшысы Александр Пак пікір білдірді.

Оның айтуынша, елде ипотекаға деген сұраныс азайып жатқан жоқ, керісінше, оның қолжетімділігі төмендеп келеді.

"Халықтың баспанаға деген сұранысы жоғары болғандықтан, тұрғын үйді ипотека арқылы алу үрдісі сақталады. Дегенмен, 1 шілдеден бастап ипотекалық несие алу талаптары күрделене түсуі мүмкін. Мәселен, қарыз алушылардың төлем қабілетін бағалау талаптары күшейтіледі, сақтандыруға кететін шығындар артуы ықтимал және бастапқы жарна мөлшері де өсуі мүмкін", – дейді сарапшы.

Оның сөзінше, Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі 18 пайыз деңгейінде болған жағдайда банктер үшін ипотеканы 20 пайыздық мөлшерлемемен беру тиімді емес.

"Сондықтан қосымша талаптар енгізілуі ықтимал. Соның бірі – бастапқы жарнаның өсуі. Әдетте бастапқы жарна неғұрлым жоғары болса, несие бойынша пайыздық мөлшерлеме соғұрлым төмен болады", – деп түсіндірді А. Пак.

Сарапшының болжамынша, ипотека алуға өтініштер саны сақталғанымен, мақұлданатын несиелер көлемі азаюы мүмкін.

"Мысалы, қазір 10 өтініштің жетеуі мақұлданып, үшеуі кері қайтарылса, болашақта керісінше, 10 өтініштің тек үшеуі ғана мақұлдануы мүмкін", – дейді ол.

Осы жағдай тұрғын үй бағасына да әсер ете бастаған. Бастапқы нарықтағы баспана бағасының өсімі 1-1,5%-ға дейін баяулаған.

Ал өңірлердегі екінші нарықтағы пәтер бағасы наурыз-сәуірде өзгеріссіз қалып, мамырда төмендей бастады. Сарапшының айтуынша, қазір үй аларда сатушымен келісіп, бағасын түсіруге мүмкіндік көбейген.

Мәселен, бұрын 15 млн теңгеге бағаланған пәтер 12 млн теңгеге сатылуы мүмкін. Кей жағдайда жеңілдік көлемі 15-20%-ға дейін жетеді.

Астана мен екі ірі мегаполистегі қайталама нарықта да баға бойынша жеңілдіктер 15%-ға дейін байқалады.

Сонымен қатар сарапшы Қазақстандағы ипотеканың қолжетімділігі дамыған елдермен салыстырғанда әлі де төмен екенін атап өтті.

"Қазақстанда тұрғын үй мәмілелерінің шамамен 30% ипотека арқылы жүзеге асады. Ал дамыған мемлекеттерде сатып алушылардың 85%-на дейін ипотека рәсімдей алады. Бізде ипотеканың қолжетімділігі 40%-дан да төмен", – деп түйіндеді А. Пак.

Бұған дейін, сарапшылар жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар азаюы мүмкін екенін айтқан еді. Бұл тұрғындардың баспана алу мүмкіндігіне әсер етуі ықтимал.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Последние новости:
Пока не кризис, но уже сигнал – эксперт об ухудшении качества займов МСБ
28 августа 2026 года
Широко шагая: обувь из Казахстана везут в ОАЭ и США. Инфографика
28 августа 2026 года
Казахстанцы за год принести в банки 4,6 трлн теңге
29 августа 2026 года
Массовые жалобы на бензин: эксперт предупредил о последствиях
29 августа 2026 года
Теңге мен инфляция: сарапшылар болжамын жаңартты
28 августа 2026 года
Курултай определился с руководством: кто получил ключевые посты
28 августа 2026 года
Всегда в сети: когда на дорогах Казахстана заработает интернет
28 августа 2026 года
Теневая бухгалтерия Казахстана: торговля, стройка и 25 трлн теңге
28 августа 2026 года
Теңге может быть крепче: профучастники пересмотрели прогноз по курсу и инфляции
28 августа 2026 года
Золотая виза, ограничение соцсетей детям и госнаграды: чем займется Курултай
28 августа 2026 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.