Нарықта қандай ипотекалық мемлекеттік бағдарламалар қалады

Кейбіреулерi үшін ставка 2% құрайды

11 июня 2021 года
    

Ұлттық банкте "Баспана Хит" пен "7-20-25" бағдарламаларынан басқа нарықта тағы қандай ипотекалық мемлекеттік бағдарламалар іске асырылып жатқаны туралы айтылды, деп хабарлайды LS.

Ұлттық банк ақпаратынша, "Нұрлы жер" бағдарламасымен қазақстандықтар әкімдіктерден әлеуметтік несиелік тұрғын үйге қол жеткiзе алады. Ол жылдық 5% мөлшерлемемен 25 жылға дейінгі мерзімге берледі (бастапқы жарна – кемінде 20%, "5-20-25").

Сондай-ақ, 2019 жылы аз қамтылған отбасыларға арналған 2% жеңілдік мөлшерлемесімен және 10% бастапқы жарнасымен "Бақытты отбасы" бағдарламасы іске қосылды. Сонымен қатар, жоба аясында халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған "Шаңырақ" ("5-10-20") тұрғын үйін 20 жылға дейінгі мерзімге жылдық 5% жеңілдікті мөлшерлемемен сатып алуға болады.

"Ұлттық банк осы жобаны іске асыруға қатысып, "5-10-20" жобасы бойынша кезекте тұрғандарды отбасы банкі арқылы 210 млрд теңгеге несиелендіру бағыттарын қаржыландырды. Несиелік тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруға әкімдіктер арқылы 180 млрд теңге бөлінді", – деп нақтылады бас банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов.

Қаржы институтында Отбасы банкі жас отбасыларға жылдық 6% мөлшерлемемен "Жас отбасы" ипотекасын ұсынатынын, әскери қызметшілер үшін 3,5%-дан 8%-ға дейінгі мөлшерлемемен (бастапқы жарна сомасына байланысты) "Әскери баспана" әзірленгенін атап өтті. Сондай-ақ, жақында 12% мөлшерлемемен "Ұмай" әйелдер ипотекасы іске қосылды.

"Тұрғын үйді несиелеу тетіктерін одан әрі жетілдіру мақсатында үкімет, Ұлттық банк және "Бәйтерек" қазір нарықтық қағидаттарда ипотекалық қарыздар портфелін секьюритилендіруді енгізу мәселесін пысықтауда", – деп атап өтті Шолпанқұлов.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде қаражаттың игерілуіне қарай екі жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаны іске асыру аяқталуда. "Баспана Хит" 2021 жылдың соңына қарай, ал "7-20-25" 1 трлн теңгені игергеннен кейін аяқталады деп күтілуде.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.