Баспана Хит және 7-20-25 ипотекалық бағдарламалары қашан аяқталады

Бұған дейін оларды мемлекет тарапынан қаржыландыру тоқтатылатыны хабарланды

20 мая 2021 года

Қазақстандық тұрақтылық қорында "Баспана Хит" және "7-20-25" ипотекалық бағдарламаларының аяқталуы туралы түсінік берді, деп хабарлайды LS.

Ақпаратқа сәйкес, "7-20-25" бойынша тұрғын үй қарыздарын беру көлемі бойынша бекітілген лимит 1 трлн теңгені құрайды.

"Бүгінгі таңда осы бағдарлама бойынша шамамен 325 млрд теңге сомаға несие берілді, бұл бастапқы тұрғын үй нарығында 27 мыңнан астам қазақстандық отбасына тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік берді. "7-20-25" бағдарламасын жүзеге асыру мерзімсіз 1 трлн теңге лимитіне жеткенге дейін жүзеге асырылады", – деп атап өтті қорда.

Сонымен қатар, "Баспана Хит" бағдарламасы да 600 млрд теңге шектеуге қол жеткізгенде аяқталатын болады.

"Қазіргі уақытта берілген қарыздардың жалпы сомасы шамамен 493 млрд теңгені құрап отыр. Бағдарламаның арқасында 54 мыңнан астам отбасы баспаналы болды. Банктердің болжамдары бойынша, аталған ақшаны игеру ағымдағы жылдың соңына дейін жүргізіледі", - деп нақтылады ҚТҚ-да.

Сондай-ақ, қорда "Баспана Хит" бағдарламасын жүзеге асыру жылжымайтын мүліктің қайталама нарығында халық үшін ипотеканың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша өз міндетін толық шешкенін қосты. Қазіргі уақытта банктер осы бағдарламаға ұқсас несие беру шарттарын әзірлеп ұсынуға дайын.

"Осының арқасында мемлекет тарапынан ипотека нарығының осы сегментін ынталандыру талап етілмейді. Бұл бағдарламаны біртіндеп аяқтауға мүмкіндік береді", - деп қорытындылады ҚТҚ-да.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.