Қазақстандықтарға өз зейнетақы жинақтарын басқаруға қатысуға рұқсат етіледі

Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында қаржылық ұйымның басшысы Ұлттық банктің жинақтаушы зейнетақы жүйесін реформалау бойынша құжат жобасын әзірлегенін жеткізді

27 апреля 2017 года
    

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры басқармасының төрағасы Нұрбибі Наурызбаева зейнетақы активтерінің бір бөлігін жекеменшік басқарушы компаниялардың басқаруына беру үрдісінің мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды LS тілшісі.

Қордың 2016 жылғы жұмыс қорытындыларына арналған, Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында қаржылық ұйымның басшысы Ұлттық банктің жинақтаушы зейнетақы жүйесін реформалау бойынша құжат жобасын әзірлегенін жеткізді.

"БЖЗҚ ақшасын жекеменшік компаниялардың басқаруына беру мәселесі көптеген қазақстандықтарды толғандырады. Бұл жұмысты қазір Ұлттық банк жүргізіп отыр. Олар қазір зейнетақы жүйесін реформалау бойынша ұсыныстарды әзірлеп қойды, онда салымшыларға өз жинақтарын басқаруға қатысу құқығын беру қарастырылған. Жобада зейнетақы активтерін басқару бойынша қазақстандық та, шетелдік те компанияларды құру көзделеді, салымшылар осы компаниялардан таңдап, өз ақшаларын сонда аударады", – деп  түсіндірді Наурызбаева.

Қор басшысы басқарушының ұсынысы бойынша, БЖЗҚ сервистік қызметтерді көрсетуін – әкімшілік есепшоттар мен зейнетақы төлеуді жалғастыратын бірден бір есептік орган болып қалатынын айтты. Сонымен қатар жекеменшік ұйымдарды таңдау мәселесі бойынша салымшыларға кеңес беру де БЖЗҚ үлесінде қалады деп ұйғарылып отыр.

Сонымен қатар Наурызбаева Досым Сатпаевтың қоғамдық ұйымнан шығу туралы жағдайға түсінік берді.

Еске салайық, бұдан бұрын Сатпаев экономист Рахым Ошақбаевпен және "Қаржылық еркіндік" қамқорлық кеңесінің басшысы Бота Жұмановамен бірге қоғамдық кеңестен шығып кеткені туралы мәлімдеген еді. Сатпаев мұның себебін БЖЗҚ-ымен кеңестің немене айналысуы керектігі, бағыттарына және көтеретін мәселелеріне қатысты келіспеушіліктердің туындауымен түсіндірді.

Өз кезегінде  Наурызбаева бұл мәселеге қатысты өз көзқарасын білдірді.

"Иә, қор жанындағы қоғамдық кеңестің бірнеше мүшелері, сонымен қатар оның басшысы Досым Сатпаевтың неліктен кеңестен шығып кету туралы шешім қабылдағаны көпшілікті қызықтыратынын мен білемін. Қоғамдық кеңестің оның барлық мүшелерімен бірауыздан мақұлданған мақсаты жинақтаушы зейнетақы жүйесінің маңызды мәселелері бойынша азаматтық қоғамның пікірі мен оны дамыту бойынша ұсыныстарды білдіру болды. Аталған мәселелерді талқылау барысында қоғамдық кеңестің кейбір мүшелерінің кеңес жинақтаушы жүйені ғана емес, базалық және бірлескен бөлігін қоса алғанда, жалпы зейнетақы жүйесін реформалау бойынша ұсыныстарды қарастырып, енгізуі қажет деген пікірі туындады. Бірақ бұл идеяны кеңестің басқа мүшелері қолдамады, себебі ол БЖЗҚ жанынан құрылған және бұл кеңес жинақтаушы жүйе мәселелерімен ғана айналысуы тиіс", – деді ол.

Сөз соңында БЖЗҚ басшысы құрамында 29 адам бар қоғамдық кеңес өз жұмысын жалғастыратынын айтты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, зерттеулер департаментінің басшысы, Halyk Finance  басқарма мүшесі Мұрат Темірханов барлық зейнетақы қаражатын жекеменшік басқаруға беру туралы ұсынысын білдірген болатын.

Еске салайық, Ұлттық банк зейнетақы қаржысын басқарушы компанияларға берудің мән-жайын түсіндірген еді. Сонымен қатар Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев БЖЗҚ басқаруында өзгерістер болатынын мәлімдеген еді.

Анықтама

2016 жылы БЖЗҚ-ында 399 мыңнан астам жеке зейнетақы шоттары ашылды, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен  – 37 778 бірлік, ерікті зейнетақы жарналары есебінен – 6 473 бірлік. Осылайша, барлық келісімшарттар түрлері бойынша ЖЗШ саны 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10,04 млн бірлікті құрады, оның ішінде ЕЗЖ – 9,58 млн бірлік. ЖЗШ саны МЗЖ бойынша 420 мың бірлікті, ЕЗЖ бойынша – 39 мың бірлікті құрады. 

БЖЗҚ-ынан зейнетақы төлемдерінің сомасы 2016 жылы 169,69 млрд теңгені құрады, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударымдар 22,69 млрд теңге. Салыстыру үшін – 2015 жылы төленген зейнетақы төлемдерінің және аударымдарының сомасы 141,12 млрд теңгені құрады, оның ішінде сақтандыру компанияларына аударымдар сомасы 24,23 млрд теңге болды.

2017 жылдың І тоқсанында зейнетақы активтері 153,6 млрд теңгеге өсіп, 2017 жылғы 1 сәуірде 6,84 трлн теңгені құрады. Негізгі үлесі – барлық зейнетақы жинақтарының 98% міндетті зейнетақы жарналары есебінен құралған. Есептік тоқсанда  87,4 мың ЖЗШ ашылды. 2017 жылдың алғашқы үш айында таза инвестициялық табыс сомасы 51,45 млрд теңгені құрады.

2017 жылғы қаңтар-наурыз айларында БЖЗҚ-ынан төлемдер сомасы 77,35 млрд теңгеге тең болды, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударымдар 6,04 млрд теңгені құрады.

 

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ФИНАНСОВЫЙ ЖУРНАЛ    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.